«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жетістіктер тарихы: Жарығымызды шаша береміз!

2016 жылғы 11 Қаңтар
- Павлодар облысы
11845 просмотров

Павлодарлық шамдалдар шығаратын кәсіпорын өнімдері Қазақстанда ғана емес, жақын шетелге де танымал

Өткен жылдың желтоқсан айында «Алтын сапа» республикалық байқауы салтанатында Павлодар облысындағы «Свет» ғылыми-өндірістік компаниясы «Халыққа арналған үздік тауарлар» номинациясында «Атамекен» ҰКП «Іскер» арнайы сыйлығына лайық деп танылған еді.

«Свет» ҒӨК директоры Виталий Михеев кәсіпорын жетістігі жайлы, компанияның президент сыйлығын алуға беделді байқауға қатысуға неліктен шешім қабылдағаны жайлы баяндады.

- Виталий Юрьевич, сіз үшін «Алтын сапа» республикалық байқауына қатысу қаншалықты маңызды болды?

- Өніміміз Қазақстан мен Ресей нарығында айтарлықтай танымал. Сондықтан да Кәсіпкерлер палатасы өңірлік «Қазақстанның үздік тауары» байқауына қатысуды ұсынған кезде күшімізді сынап көрмекші болдық.  

Өңірлік «Қазақстанның үздік тауары» көрме байқауына қатысқан 28 павлодарлық кәсіпорын арасында біз де болдық. Байқау үш номинация бойынша өтті: өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар, халыққа арналған үздік тауарлар, үздік азық-түлік тауарлар. Байқау комиссиясы біздің жарықтандыру құралдарымызға жоғары баға бергені көңілімізден шықты. Шамдалдың ерекшелігі – олар кез-келген климат жағдайында жұмыс жасай береді, бағасы да қымбат емес, электр энергиясын барынша аз жұмсап, үлкен алаңдарды жарықтандыруға болады.

Біздің зерттемелерімізді Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген тұрғындар лайықты түрде бағалады. Тұтынушылар үшін кіре-беріс ішіндегі баспалдақ алаңшаларында қолдануға арналған сынбайтын сауыттағы шамдалдарымыз ерекше қызығушылық тудырып отыр. Бірегей конструкцияның арқасында шамдалды арнайы құралдарсыз қайта бұзып алу немесе сындыру мүмкін емес. Тағы бір жағымды тұс – оның энергияны аз мөлшерде тұтынуы - 14 ваттпен ол 80 ватт энергия тұтынатын шамдалды алмастыра алады.

Астанадағы байқаудың іріктеу кезеңі қалай өтті?

- Астанаға шақырғанда, көпке дейін халықтың қарасын толтыру үшін деген ойда болдым.  Қажет таныстарсыз осынша жоғары байқауда танылуға болады дегенге сене алмадым. Астанаға келген кезде Астана FM радиосынан қоңырау шалынып, тікелей эфирде сұхбат беруді сұрады. Сол кезде ғана адамдарға менің айналысып, өндіріп жүрген дүниемнің қызықты екенін түсіндім. Мұндай нәрселер сенім береді.

Байқауға күллі Қазақстаннан 140-тан астам компания қатысты. Ұлттық палата Төралқасының Төрағасы Тимур Құлыбаев өнімді мұқият қарап шығып, тауарымыздың басым тұсын сұрастырды. Оған зерттемелеріміз жайлы айтып бердім, бірақ компаниямыз ондықтың арасынан табылады, Қазақстанның үздік кәсіпорындары қатарынан орын алады деген ойыма келген де емес!

Сыйлықты ҰКП Төралқасының төрағасы Тимур Құлыбаев тапсырды. Марапаттау салтанатынан кейін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев келіп, бізді құттықтады және осы қалпымыздан таймай, белсенді жұмыс жасауға шақырды. Бизнес пен қоғам үшін дұрыс таңдалған бағыт өкілдері – біздің қазақстандық өндірушілер үшін түркі болатынымызды жеткізді. Әрине, ондай сөздерден кейін дұрыс бағытта келе жатырмыз деген сенім пайда болды. Осындай марапатқа қол жеткізіп, осындай табысқа жеткеннен кейін қиындықтың бәрі ұмыт болды.

Виталий Юрьевич, сапалы да сұранысқа ие өнім жасай алдыңыз ба. Табысыңыздың құпиясы неде?

- Табыс дегенді қалай сипаттасам екен… Біріншіден, бұл қарапайым менеджер деңгейінде емес, одан жоғарыдан клиенттермен тұрақты жұмыс жасау, барлық процестерді толықтай бақылауда ұстау, оған қатысу. Тапсырыс берушінің барлық талаптарын ескере отырып, барлық кезеңдерде шығарылатын өнімді үнемі жетілдіріп отыру. Үнемі алдыңғы қатардан табылу, яғни бару керек болса барасың. Жеке кездесулер қарапайым күнделікті қоңырауларға қарағанда әлдеқайда жоғары нәтижелер береді. Ал басты кездесулерді менеджерге немесе орынбасарға тапсыра салудың қажеті жоқ.

- «Қазақстанның үздік тауары» байқау көрмесіне қатысудан күткеніңізге қол жеткізе алдыңыз ба?

- Беделді марапатқа ие болу – бұл алға жылжу үшін аса зор түрткі, бұл алда көретін дүниенің әлі де бар екенін көретін белгілі бір шек сияқты. Кемелдікте шек жоқ қой. Арманыңда да ойға келмейтін танымалдыққа ие болу күш береді. Бұл босқа тер төгіп жүрмегендігіңді түсіну. Осының алдында көптеген кездесулер өтті. Жүздеген есікті қағып кіруге тура келген. Әрине, бәрі де аша берген жоқ, алайда өзімізді таныттық. Біреу сенді, біреу күлкі қылды. Игеріп жүрген тауарымыз күнделікті қажет дүние болмағандықтан, барып нан пісіріңдер дегендер де болды. Бірақ жасаған жұмысымыз көрсеткендей, көпшілікке сапалы әрі арзан жарықтандырудың қажет екенін жеткізе алдық. Кітаптарда жазылмайтын көптеген тәсілдерді ойластыруға тура келді. Осы уақыт бойы отбасының қолдауын, көмегі мен түсіністігін, сенімін сезініп келгенім де өте маңызды.

- Осындай беделді марапат өніміңіздің өркендеуіне сеп бола алды ма?

- Қазақстанның түкпір-түкпірінен өніміміз жайлы сұрастыра бастады. Ал Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының есептік кездесуі кезінде өңір басшысы Қанат Бозымбаев жаңа технологияларды енгізумен, электр энергиясын үнемдеумен айналысып жүргеніміз үшін алғыс айтып, Павлодар, Екібастұз, Ақсуды жарықтандыру бойынша МЖӘ шартын жасасуды ұсынды. Қазірде әкімдік және өңірлік кәсіпкерлер палатасымен бірге осы мәселелерді пысықтап жатырмыз.

Таяуда Беларусьқа аттанамын, онда өкілдік ашуды ұсынып жатыр.

Ресми мойындалғанымыз сенім ұялатады. Жылдар бойы жарық диодты өнімдер нарығында тәжірибе жинақтағанымыздың арқасында осындай нәтижеге қол жеткізіп отырмыз. Кәсіби ұстанымымызды клиенттер бағалап, тапсырыстар қоржыны ұлғайып келеді. Сондықтан да мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жөніндегі ұсыныстар туындап отыр.

- Кәсіпкерлерге ынтымақтастықтың қандай формаларын ұсынасыз?

- Кез-келген кәсіпорын иесі үшін арзан бағаға сапалы жарықтандыру ұсынуға дайынбыз. Тіпті, шамдалдарымыз әдеттегі жарықтандыру шамдарынан қымбат тұратын болса да, ол жылдам өтеледі. Кепілдік мерзімі де – 3 жыл. Бұл электр энергиясына, бұзылған шамдалдарды айырбастауға көп шығын кетірмеуге мүмкіндік береді.

Біз үшін «маңызсыз клиенттер» жоқ, әрбір клиент біз үшін маңызды. Әркімге жеке тұрғыдан келеміз. Қажеттісінен артықты ешқашан да ұсынбаймыз. Барынша көп көлемде сатуды, бір сәттік табысты ойламаймыз. Мемлекеттік стандарттар, құрылыс нормалары мен қағидалары бар, клиенттердің қажеттіліктері бар. Себебі жоспарларымыз кең көлемді қамтиды. Ағымдағы экономикалық жағдайда аса зор табысты күтпейміз. Біз үшін бастысы – ұжымды сақтау, еңбекақыны тұрақты төлеп тұру. Бірге жүріп, қазіргі кездің бар қиындығын жеңетінімізге сенемін.

- Әріптестеріңіз – кәсіпкерлерге жаңа жылға тілер тілегіңіз?

- Әріптестеріме қол жеткізген жетістігінде тұрақтап қалмай, заман талабына сай қимылдауды тілегім келеді. Егер сүйікті ісіңе бар күшіңді жұмсасаң, армандардың орындаларына өз басым көзімді жеткіздім. Оған дәлел – жоғары марапатымыз. Еліміздің гүлденуіне үлес қосып жүргенімізді мақтан тұтамын. Мемлекет басышысы мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына көрсеткен қолдауы үшін алғыс айтқым келеді. Бізге сенім артқандардың барлығына рахмет. Жарнамаға көп ақша құртуға болады, бірақ мемлекеттің қолдауынсыз, көпшіліктің пікірі қалыптаспайынша, мұндай нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер