22.10.2021 Хабарлама
Павлодар обласынын кәсіпкерлер Палатасы нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде «Бастау Бизнес» жобасының Екібастуз қаласының және Павлодар ауданың кеңесшілердің қызмет көрсетуі үшін Қазақстан Республикасының азаматтарынан өтінімдер іріктеуді жүргізудің басталғаны туралы хабарлайды.
Консультантқа қойылатын талаптар:
- Қазақстан Республикасының азаматтығы;
- жоғары білім (заңгерлік, экономикалық, қаржылық, техникалық);
- соттылықтың болмауы;
- жұмыс тәжірибесі: кемінде 3 жыл;
- мемлекеттік және орыс тілдерін білу, іскерлік хат алмасу және келіссөздер дағдылары;
- тәжірибелі компьютер, Internet, Microsoft Office-Word пайдаланушысы,; МІНДЕТТІ: сенімді Excel пайдаланушысы (жиынтық кестелер, формулалар, сүзгілер, графиктер, диаграммалар);
- «gmail.com» электрондық пошта мекенжайының болуы;
- «Facebook», «Instagram», «Telegram Messenger», «WhatsApp Messenger» әлеуметтік желілері мен мобильді қосымшаларын белсенді пайдалану;
- қаржы институттарында және/немесе мемлекеттік органдарда ШОБ субъектілерін қолдау, дамыту, несие беру, рұқсат беру құжаттары және жер қатынастары саласында жұмыс тәжірибесінің, сервистік қызметтер көрсету саласында кемінде 2 (екі) жыл, жобада немесе «Жас кәсіпкер» жобасында жұмыс тәжірибесінің болуы құпталады.
Ескерту: ӨКП қолдаухаты бойынша жобаның аудандық деңгейдегі кеңесшісі үшін заң, экономикалық, қаржы және техникалық бағыттар бойынша арнаулы орта білімінің болуына жол беріледі.
Қажетті құжаттар тізімі:
- түйіндеме және сауалнама (үлгі бойынша ӨКП-на);
- жеке куәлігі;
- жоғары/арнайы орта білімі туралы диплом;
- жұмыс тәжірибесін растайтын еңбек кітапшасы, азаматтық-құқықтық шарттар;
- бар болған жағдайда сертификаттар;
Өтінім нысанын және жобаның бизнес-жаттықтырушылары мен кеңесшілерін іріктеуге қатысу шарттарын ҰКП сайтында көрсетілген мекенжайлар бойынша облыстық ӨКП кеңсесінен алуға болады (жауапты тұлға – ӨКП қаржылық емес қолдау бөлімінің бастығы).
Өтінімдер 2021 жылғы 2 қараша сағат 17.00-ге дейін ӨКП-да Павлодар қаласы, Луговая көшесі 317 бөлме мекенжайы немесе электрондық пошта арқылы n-finsupport.pwq@atameken.kz бойынша қабылданады.
ӨКП байланыс тұлғалары: кәсіпкерлерді бейқаржылық қолдау бөлімі – А.М.Закарьянова 87776247444