«Bastau Бизнес»: павлодарлық кәсіпкерлер қандай идеяны дамытуға ынталы?
«Bastau Бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негіздерінен білім алған ауыл тұрғындары бизнес-жобаларын таныстырды
Өңірлік кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлерге қаржылай емес қолдау көрсету бөлімінің басшысы Әнел Жампейісова берген ақпаратқа сүйенсек, оқыту курсының алғашқы легінде Баянауыл, Ертіс, Качир, Павлодар мен Шарбақты аудандарының 200 тұрғыны білім алған.
Оқу аяқталғаннан кейін білім алушылар бизнес-жоспар құрып, комиссия алдында таныстырды.
«Оқу барысында ауыл тұрғындарының кәсіпкерлік белсенділігі жоғары болды және жақсы бизнес-идеяларды жүзеге асыруды ұсынды, алайда, осы кәсіпкерлік идеяларды жүзеге асыру үшін кәсіпкерлік машық жетіспейтіндігі білініп жатады. Сондықтан «Bastau Бизнес» осы мәселені шешуге арналды», – деп атап өтті Әнел Жампейсова,
«Bastau Бизнес» бағдарламасының Павлодар ауданы бойынша бизнес-тренері Анар Мұхаметқалиеваның айтуынша, комиссияға таныстырылған жобалардың 60% мал шаруашылығын дамытуға қатысты. Сонымен қатар, басқа да салаларға қатысты қызықты жобалар ұсынылды.
Красноармейка ауылының тұрғыны Денис Алексндров 5 жыл бойы жеңіл және жүк көлігін жөндеумен айналысып келеді. Болашақта автокөлік жөндеу шеберханасын ашуды жоспарлап отыр. Бұл ауылдағы алғашқы шеберхана болмақ. Денис Александров қазірдің өзінде тұтынушылардың баршылық екенін, тіпті көршілес ауылдардан да келетінін айтты. Автошеберханаға кәсіби жабдық орнату үшін 3 млн теңге қажет. Бұл жабдық көрсетілетін қызмет түрін арттыруға, қосымша жаңа 3 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
Чернорецк ауылының тұрғыны Серік Жақыпов ауыл тұрғындарына бірнеше жылдан бері көмір тасиды. Ауылдық округ үшін бұл жобаның маңызы зор, сондай-ақ ол бір өзі ғана қатты отынды тасып келеді. Кәсіпкердің қолында 2 КАМАЗ бар, 2 жұмыс орны ашылған. Тұрғындарды көптеп қамтып, сапалы қызмет көрсету үшін көмір, қиыршық тастарды, құм өлшеуге арналған автотаразы мен жүк түсіру үшін трактор сатып алу керек.
Ефремовка ауылынан Сәуле Уманцева өз ауылына асхана ашқысы келетінін айтты. Оның айтуынша ауылда 1130 тұрғын бар, мемлекеттік мекемелер мен коммерциялық ұйымдар орналасқан, сондықтан тұтынушылар қатары да болатынына сенімді. Сәуле Уманцева бірнеше жыл аспаз болған, сондықтан бұл істің мән-жайын біледі, осы істі ұнатады, оның үстіне асхана ашатын орны да да бар.
Тағы бір тұрғын Хидирали Байхарашев қиыр, қызанақ, қырыққабат өсіруге арнап жылыжай шаруашылығын бастаған. Өз қаражатына тамшылатып суару құрылғысын алып, көшет отырғызған. Қазіргі таңда 24 жылыжайды толықтай жабдықтау үшін 3 млн теңге қаражат керек.
Сонымен қатар, ауыл тұрғындары тігін салын, шаштараз, аяқ киім шеберханасы, фото орталық, құс фермасы, корпустық жиһаз бен ұлттық нақыштағы заттарды жасауға арналған жиһаз цехы мен көптеген жобалар ұсынылған.
Бизнес-тренер Анар Мұхаметқалиева оқу жүйесі тәжірибелік тренинг негізінде жасалғанын, оқу барысында өз ісін ашу немесе бизнесін кеңейту үшін 80 сағат білім алады, сондай-ақ, 120 жеке кеңес берілетінін атап өтті.
Жыл соңына дейін 937 адамды оқыту жоспарланып отырғанын атап өту керек. Сәуір айынан бастап қараша айына дейін 6 лек оқытылмақ.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: