«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Фермерлер кездесулері

2016 жылғы 15 Тамыз
- Павлодар облысы
8312 просмотров

Екібастұз ауданында «Көктөбе» шаруа қожалығының базасында фермерлер ірі қара мал өсіру жұмыстарын тиімді ұйымдастыру негіздерін оқыды

Фермерлерге арналған семинарларды ауылшаруашылық тауарларын өндірушілерді инновациялар мен агробизнесті тиімді жүргізу негіздеріне оқыту мақсатында Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Агробіліктілік орталығы өткізді.

Семинарға қатысқан мал өсіру шаруашылығы басшыларының барлығы бұл іспен бұрыннан айналысады. Алайда, тыңдаушылардың өздері атап өткендей, әрқайсысы өзі үшін көптеген пайдалы дүниелер алды.

Айта кетерлігі, «Көктебе» шаруа қожалығы орналасқан Әлкей Марғұлан атындағы ауыл Екібастұз ауданынан ең жырақтағы елді мекен, ол Павлодар, Ақмола және Қарағанды облыстарының түйіскен жерінде жатыр. Сондай-ақ, кең-байтақ және шексіз адырлы даласымен ерекшеленгендіктен, ірі қара мал өсіруге өте қолайлы.

Семинар барысында мал шаруашылығы жөніндегі сарапшы Жаңғабыл Әлжібаев мал өсіруде өте жақсы нәтижелерге қол жеткізудің жолдары мен қағидаттары туралы мол ақпарат берді. Қызу пікірталас жүріп, фермерлер өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойды.

Солардың бірі – Константин Стратейчук. «Біз бизнеспен 10 жылдан бері айналысып келеміз. Ұйымдастырушыларға фермерлерді ауыл шаруашылығы өндірісіндегі үздік әдістемелерді оқытқандары үшін алғысымды білдіргім келеді. Бүгін басқалар сияқты маған да жаңа технологиялар туралы білген қызықты болды. Келешекте мұнан да көп нәрсені үйренеміз деген үміттемін, сондықтан да осындай семинарлар басқа тақырыптар бойынша да жиі өткізіліп тұрса деген тілегіміз бар», – деді фермер.

Сондай-ақ Константин Стратейчук бизнесті кеңейту жөніндегі өзінің жоспарларымен бөлісіп, бизнесін басқа да бағытта дамытып көргісі келетіндігін айтты. Алайда бұл үшін қосымша білім мен «Гидропонды жылыжай» жобасын іске асыруда Кәсіпкерлер палатасы филиалының көмегі қажет.

Өз кезегінде Екібастұз қаласы Палатасының өкілдері аталған жобаны толығымен өздерінің қамқорына алуға ұсыныс білдірді.


Ұқсас жаңалықтар:

Семинарлар сан саланы қамтыды
3 Қараша
2016
Ақмола облысы
Асыл тұқымды малға күтім қажет
6 Қыркүйек
2016
Қостанай облысы
Тегін семинардың пайдасы мол
6 Қыркүйек
2016
Батыс Қазақстан облысы
«Қарбыз еліне» саяхат
5 Қыркүйек
2016
Павлодар облысы

Еншілес ұйымдар

Серіктестер