«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Атамекен» ҚР ҰКП Съезі 2026 жылғы 23 қаңтарда өтеді

2025 жылғы 27 Қараша
68 просмотров

«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – ҚР ҰКП) осымен ҚР ҰКП Төралқасы ҚР ҰКП Съезін шақыру туралы шешім қабылдағаны туралы хабарлайды.

ҚР ҰКП Съезі 2026 жылғы 23 қаңтарда сағат 10:00-да өтеді.

Съезді өткізу формасы: бетпе-бет (шектеу шараларын енгізген жағдайда бейнебайланыс конференциясын пайдалану форматында қашықтан жұмыс істеу).

Өтетін орны:  Астана қ., «The Ritz-Carlton Astana» қонақ үйі, Достық көшесі, 16.

Тіркелу: 09.00-ден 10.00-ға дейін.

Күн тәртібі:

1. Бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жататын «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2024-2025 жылдардағы қызметінің қорытындылары туралы жыл сайынғы есепті бекіту туралы.

2. «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының үш жылдық кезеңге арналған (2026-2028 жж.) индикативтік орта мерзімді бюджетін бекіту туралы.

3. «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасы құрамының кейбір мәселелері туралы.

4. «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Тексеру комиссиясының 2024 жылғы жылдық есебін бекіту туралы.

5. Әр түрлі:

5.1. «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Жарғысына өзгеріс мен толықтыру енгізу туралы.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар электрондық байланыс арқылы Съезд өткізілетін күнге дейін қосымша Съезге қатысушылардың атына жіберілетін болады.

ҚР ҰКП Съезінің күні, уақыты, форматы және өткізілетін орны, сондай-ақ ұсынылатын күн тәртібі өзгерген жағдайда, тиісті ақпарат ҚР ҰКП Интернет-ресурсында орналастырылатын болады.

Анықтама телефондары: +7 (7172) 91-93-90, 1432


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174