«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жас сүретшілер көрмесі

2025 жылғы 15 Қараша
- Ұлытау облысы
74 просмотров

 

«Өнер академиясының» негізін қалаушы, Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасының іскер әйелдер кеңесінің мүшесі Жібек Өмірханқызы балаларға шығармашылық қабілеттерін ашуға көмектеседі. Академияның жұмысы аясында балалар мен белсенді жастарға арналған шеберлік сыныптары, көрмелер, арт-галереялар және әртүрлі білім беру жобалары ұйымдастырылады.

Жуырда «Хан Ордасы» кешенінде жас суретшілердің көрмесі өтті, онда академияның шәкірттерінің шығармалары ұсынылды. Көрмеге барлығы 15 бала қатысты.

– Академияның жұмысының мақсаты – балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың ішкі сезімдері мен ойларын бейнелеу өнері арқылы еркін жеткізуіне мүмкіндік беру. Біз жас суретшілердің шығармашылық ізденістерін қолдаймыз, балаларды өнер әлемімен таныстырамыз, эстетикалық талғам мен мәдени құндылықтарды насихаттаймыз. 

Сондай-ақ академия шәкірттерінің жұмыстарын кең аудиторияға таныстырамыз, – деп атап өтті Жібек Өмірханқызы.

Шара қонақтары – қалалық мәдениет басқармасының өкілдері жас суретшілерді құттықтап, республикалық және халықаралық (Испания) конкурстарда 2-ші орын алған балаларға арнайы марапаттар мен алғыс хаттар тапсырды.

Балалардың ата-аналарының айтуынша, мұндай көрмелер балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға үлкен үлес қосады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174