«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты форс-мажор және Hardship куәліктерін алуға қатысты ескертті

2025 жылғы 26 Маусым
1046 просмотров

Таяу Шығыстағы әскери-саяси жағдайдың күрт шиеленісуіне және оның халықаралық логистикалық бағыттарға әсер етуіне байланысты, Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға форс-мажор жағдайлары мен Hardship куәліктерін алу мүмкіндігін еске салады.

Бұл куәліктер Қазақстандық және шетелдік кәсіпорындар үшін ресімделуі мүмкін. Олар жеткізілімдердің кешігуіне, маршруттардың бұғатталуына немесе қазіргі геосаяси жағдайға байланысты туындаған басқа да объективті кедергілерге байланысты келісімшарттық міндеттемелерді орындауда мүмкіндік болмаса не елеулі қиындықтармен бетпе-бет келгенде пайдаланылады. Атап айтқанда, жүк шекарада ұсталып, экспорттаушы келісімшарт шарттарын белгіленген мерзімде орындай алмаған жағдайларда куәландыру қолданылады.

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы бекітілген тәртіпке сәйкес, құжаттық растау негізінде мұндай куәліктерді тұрақты негізде береді. Толық ақпарат пен өтінім нысаны мына сілтеме бойынша қолжетімді: https://kazcic.kz/services/svidetelstvovanie-obstoiatelstv-nepreodolimoy-sily

Палата сыртқы экономикалық тұрақсыздық жағдайында экспортқа бағытталған компанияларға қолдау көрсетуді жалғастыруда.

Қосымша ақпарат алу үшін келесі байланыс нөмірлеріне хабарласуыңызға болады:

+7 708 585 4281

+7 7172 47 28 81

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер