«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіпкерліктің сенімді серігі — медиа

2025 жылғы 26 Маусым
670 просмотров

БАҚ қызметкерлері күні қаңсаңында «Атамекен» ҰКП-да өңірлік кәсіпкерлер палаталарының баспасөз хатшыларына арналған ЖИ құралдары бойынша оқу семинары өтті
«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасында өңірлік кәсіпкерлер палаталарының баспасөз хатшыларына арналған жасанды интеллект (ЖИ) құралдарын қолдану бойынша оқу семинары өтті.

Семинарға өңірлік кәсіпкерлер палаталарының баспасөз хатшылары белсене қатысты. Олар мәтін генерациясы, аналитика, фактчекинг, ақпараттық кеңістікті бақылау, аудио және визуалды контент әзірлеу бағыттарындағы ЖИ мүмкіндіктерімен танысты.

Іс-шараны ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов ашып, қатысушыларға құттықтау сөзін арнады. Ол Палатаның сервистік модельге көшуі жағдайында баспасөз хатшыларының рөлі арта түскенін атап өтті:

«Бүгінгі таңда бізге тек жұмыстың нәтижесі ғана емес, оның қалай ұсынылатыны да аса маңызды. Сіздердің кәсіби, жедел әрі шынайы еңбектеріңіздің арқасында қоғам мен бизнес өкілдері Палата қызметі туралы нақты әрі түсінікті ақпарат алып отыр», – деді Баталов.

Сондай-ақ, БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҰКП Төралқа төрағасы хатшылығының басшысы Мұрат Қарымсақов қатысушыларға ізгі тілегін білдіріп, қолдау сөзін жеткізді.

Семинар барысында қатысушылар жасанды интеллект құралдарын тәжірибе жүзінде қолданып үйренді. Бұл дағдылар баспасөз қызметінің күнделікті жұмысын оңтайландырып, кәсіпкерлік қызметті ақпараттық қолдаудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Шара аясында кәсіпкерлік қоғамдастықтың мүддесін жүйелі түрде қорғап, Палата бастамаларын қолдап келе жатқан 24.kz телеарнасының директоры Жасын Біркенов «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Ісіне адалдығы үшін» ІІІ дәрежелі медалімен марапатталды.

Аталған медаль кәсіпкерлер палатасы тарапынан тағайындалып, алғаш рет бұқаралық ақпарат құралдарының өкіліне табысталды.

«Атамекен» ҰКП кәсіпкерлер мен жалпы халықтың құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша ауқымды ақпараттық жұмыстар жүргізіп келеді.

Осы бағыттағы басым тақырыптардың бірі – шағын және орта бизнесті қолдаудың қаржылық емес, мемлекеттік және банктік шаралары туралы ақпарат беру және жалпы бизнеске қолайлы жағдай жасау.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер