Алматы облысы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының жұмыс сапары: Ұйғыр ауданындағы кәсіпкерлермен кездесу
Ұйғыр ауданында кәсіпкерлермен ашық диалог: өзекті мәселелер мен шешу жолдары талқыланды.
Алматы облыстық «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының директорының міндетін атқарушы Алиев Азамат Тағаймұратұлы, құқықтық мәселелер жөніндегі директор орынбасары Еркін Майлыбайұлы және Егін, тұқым шаруашылығы және техникалық бақылау бөлімінің басшысы Жәнібек Қаупен Ұйғыр ауданына жұмыс сапарымен барды.
Кездесу барысында аудан әкімінің орынбасары Дастан Құдабаев және Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен бірге жергілікті кәсіпкерлердің өзекті мәселелері талқыланды. Шешімді қажет ететін сұрақтар бойынша нақты ұсыныстар айтылып, ашық диалог форматында өткен жиын кәсіпкерлер мен жергілікті билік өкілдері арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті.
Кәсіпкерлер өз сұрақтарын тікелей сала мамандарына қойып, нақты әрі пайдалы жауаптар алды. Мемлекеттік қолдау, рұқсат құжаттарын алу, субсидиялар мен гранттар тақырыптарында кеңес берілді. Сонымен қатар, кәсіпкерлер тарапынан айтылған ұсыныстар тиісті мемлекеттік органдарға жолданып, шешімін табуға бағытталатын болады.
Мұндай кездесулер кәсіпкерлердің сенімін арттырып, жергілікті билік пен бизнес қауымдастық арасындағы байланысты күшейтуге бағытталған. Кездесу қорытындысы бойынша, Кәсіпкерлер палатасы көтерілген барлық мәселелерді бақылауға алып, оларды шешу үшін қажетті шаралар қабылдауды қамтамасыз ететінін растады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: