«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Павлодар ӨКП салалық кеңесі жеке колледж оқытушыларының еңбекақысын көтеруді ұсынды

2023 жылғы 14 Қараша
- Павлодар облысы
9533 просмотров

Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасы жанындағы білім беру салалық кеңесінің отырысында жеке колледждерде жас мамандар тәлімгерлерінің жұмысын ынталандыру мәселесін көтерілді.

Кездесуде салалық кеңестің төрағасы Ерқанат Әбенов,  политехникалық колледж директоры Валерий Якутов оқу орнында басқа мекемелердің жас мамандарымен жұмыс істейтін жас мамандар тәлімгерлерінің еңбегін ынталандыру үшін колледждердің қызметін жан басына шаққандағы қаржыландыруды өзгерту қажет екенін айтты.

«Мемлекеттік колледждерде педагогтардың еңбекақысын жыл сайын 25 пайызға көтеріп отырады. Жеке білім ордаларында ондай болған жоқ. Бірақ, жеке білім беру ұйымдарда оқытушылардың еңбекақысы көтерілмесе, онда мамандар жан-жаққа кетеді. Оның үстінде білікті кадрды ұстап отыру қиын. Өйткені жеке колледжге қарағанда мемлекеттік мектептерде еңбекақы анағұрлым жоғары», – деді Валерий Якутов.

Оның айтуынша, әр жеке колледж өз қызметкерлерінің еңбекақысын көтеру үшін қаражат іздеуге тырысып жатыр.

«Ал егер қазір біз өз қызметкерімзді ойламай, тәлімгерлерге төлейтін болсақ, бұл нонсенс болады. Демек, біз басқа кәсіпорындардың қызметкерлерін ынталандырып, өз педагогтарымызды назардан тыс қалдырамыз. Бұған ешкім бармайды», – деді спикер.

Оның айтуынша, еңбекақыны үнемі көтеріп жатқан мемлекеттік колледждер  де материалдық-техникалық базаны жақсарту және қызметкерлерге көмектесу үшін ақша үнемдейді.

«Сондықтан жан басына шаққандағы қаржыландыру өзгермейінше тәлімгерлердің еңбекақысы мәселесін шешуіміз екіталай», – деді Валерий Якутов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер