«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Павлодарлық «Атамекенде» асыл тұқымды ірі қара малды сатып алуға субсидияны арттыруды ұсынды

2023 жылғы 16 Қаңтар
- Павлодар облысы
8003 просмотров

Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасында «Атамекен» өңірлік кеңесі жанындағы агроөнеркәсіптік кешен комитетінің отырысы өтті. Оған қатысушылар мал басын субсидиялау ережелеріне енгізілген өзгерістерді талқылады.

ӨКП-ның өкілдері, шаруалар Палатаның өңірлік кеңесінің агроөнеркәсіптік кешен комитеті жанынан ет секторын құру мәселесін талқылап, мал шаруашылығын субсидиялаудың қолданыстағы ережелерін өзгерту бойынша өз ұсыныстарын айтты.

Мәселен, бұл ережеден «ДНҚ-сынау арқылы асыл тұқымды малға асыл тұқымды мал мәртебесін беру» тармағын алып тастау ұсынылып отыр, өйткені ДНҚ арқылы әрбір сынама 10 000 теңге тұрады, бұл ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге үлкен шығын әкеледі.

«Сонымен қатар асыл тұқымды мал сатып алу төлемінің көлемін 300 000 теңгеге дейін арттыру ұсынылып отыр. Қазір субсидия көлемі 150 000 теңгені құрайды және ол ұзақ уақыт бойы өзгеріссіз қалып, бүгінгі күні жалпы алғанда асыл тұқымды мал сатып алуға жетпейді», - деді Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Жомарт Сембаев.

Тағы бір өзгеріс Ауыл шаруашылығы министрлігінің пайдалануға рұқсат етілген аталықтардың жасын қысқарту және сол жылдың 1 мамырынан бастап оны қоса алғанда 12-24 ай шегінде белгілеу туралы бастамасына қатысты. Қазір малды субсидиялау ережесінде бұл норма 1 маусымға белгіленген.

«Мұндай күрт ауыстыру мүмкін емес және 1 маусымдағы деп бұрынғы мерзімдерді қалдыру қажет, өйткені 1 маусымға малын дайындаған шаруалар мал төлдеуді өзгертуі керек. Мұны 2024 жылға таяу ғана жасауға болады, бұл түптеп келгенде бүкіл өндірістік жыл үшін қосымша шығындарға әкеледі», - дейді Жомарт Сембаев.

«Атамекен» өңірлік палатасы АӨК комитетінің тағы бір ұсынысы – 24 айдан кейін аталық ауыстыруды алып тастау. Аргумент: асыл тұқымды бұқалардың оңтайлы жасы 3 жастан 5 жасқа дейін.

Павлодар облысының шаруалары да саланы субсидиялау қағидаларында бір асыл тұқымды бұқаға шаққандағы сиыр саны бойынша шекті жүктемені егжей-тегжейлі ашып көрсетуді ұсынды. Ауыл шаруашылығы министрлігі ережеде бір асыл тұқымды бұқаға 15-35 бас ұрғашы мал басын қарастыруды ұсынып отыр.

Сонымен қатар, шағын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, мысалы, 20 бас және одан да көп ірі қара мал басы барлар да дамуы үшін шағын көлемдегі бордақылау алаңдарына субсидия алу мүмкіндігін беру ұсынылды.

Соңғы бастама-  жасанды ұрықтандыруға төленетін өтемақы сомасын 30 000 теңгеге дейін ұлғайту, себебі бүгінгі таңда төленетін субсидия көлемі қажетті соманы өтемейді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер