«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Атамекен» Павлодар палатасының Шарбақты филиалының басшысы ауысты

2022 жылғы 26 Шілде
- Павлодар облысы
7504 просмотров

Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының Шарбақты аудандық филиалының директоры болып Қайырбек Құлымбенов тағайындалды.

Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Серік Сәдуақасов оны Шарбақты ауданының әкімі Әзілхан Әбеуовке таныстырып, жергілікті кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау көрсету, олардың арасында «Атамекеннің» қызметтерімен таныстыру міндетін қойды.

Қайырбек Шериязданұлы 1968 жылы 12 ақпанда, осы ауданның Галкино ауылында дүниеге келген, 2002 жылы Қазақ құқық және халықаралық қатынастар институтын (Алматы) заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Екібастұз, Ақсу қалаларындағы жеке және мемлекеттік кәсіпорындарда.

Қ.Құлымбенов 2017-2021 жылдары Шарбақты ауданына қарасты Галкино ауылдық округінің әкімі, 2021-2022 жылдары аудандағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді бақылау және қорғау жөніндегі бас инспектор және мемлекеттік инспектор қызметтерін атқарған.

Ол Кәсіпкерлер палатасының Шарбақты аудандық филиалының басшысы ретінде 2019 жылдың қыркүйегінен бастап «Атамекен» ӨКП-ның осы бөлімшесін лайықты басқарған, қазір зейнеткерлікке шыққан Баян Тортайқызы Омарованы алмастырды.

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа төрағасы Райымбек Әнуарұлы Баталов пен облыстық Кәсіпкерлер палатасының директоры Серік Тельманұлы Сәдуақасов Баян Тортайқызына адал еңбегі, бизнесті қорғау мен қолдауға қосқан үлесі үшін алғысын білдіріп, шын жүректен. зор денсаулық, бақыт және өркендеу тілейді/

Құрметті кәсіпкерлер!

Кәсіпкерлікті қолдау мен қорғаудың кез келген мәселелері бойынша Шарбақты ауылы, Малайсары Тархан көшесі, 42 мекенжайы бойынша орналасқан «Атамекен» палатасының Шарбақты филиалына хабарласуға болады.

Филиал директорының тел. нөмірі: 8 7055713647.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер