«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Павлодардағы тұзды өндіретін және өткізетін компанияның қызметкерлері референдумды қолдайды

2022 жылғы 01 Маусым
- Павлодар облысы
6053 просмотров

Егер сайлаушы осы күні 5 маусымда басқа қалада болса, референдумға қалай қатысуға болады?

Мұндай мәселе Павлодар облысы бойынша референдумды қоғамдық қолдау республикалық штабының өкілдігі мүшелерінің "Павлодарсоль" ЖШС ұжымымен кездесуінде айтылды.

Кәсіпорын қызметкерлерімен облыстық штаб басшысы, өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Серік Сәдуақасов және саясаттанушы Серік Ілиясов кездесті.

Олардың айтуынша, өңір тұрғындарын ақпараттандырумен қамтамасыз ету үшін барлық күш - жігерін жұмсады. Облыстың барлық қалалары мен аудандарының тұрғындарымен кездесулер өткізілді, республикалық және өңірлік БАҚ-та ондаған ақпараттық материалдар мен сұхбаттар берілді, референдумды қолдау үшін бірнеше ірі жастар жобалары іске асырылды. Мұның бәрі дауыс беруге арналған учаскелерге келудің қажетті деңгейін қамтамасыз етуге сенімділік береді.

"Павлодарсоль" ЖШС қызметкерлері мен басшылығы 5 маусымдағы референдумның өте маңызды оқиға екендігіне келісті және оған әрбір азамат қатысуы тиіс деп санайды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер