«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Павлодар облысында тұрғындардың 80% - дан астамын Конституцияға енгізілетін түзетулерді түсіндірумен қамту жоспарлануда

2022 жылғы 01 Маусым
- Павлодар облысы
7284 просмотров

Референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі республикалық штаб өкілдігінің төрағасы, Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Серік Сәдуақасов республикалық штаб басшысы Төлеубек Мұқашевтің төрағалық етуімен өткен мәслихаттар хатшылары мен төрт облыс штабы өкілдіктерінің басшыларының қатысуымен өткен көшпелі отырысқа қатысты.

Іс-шара Қостанайда өтті.

Оған Павлодар облыстық мәслихатының хатшысы Ернұр Айткенов те қатысты.

Кездесуде сөз сөйлеген С.Сәдуақасов Павлодар-Ертіс өңірінің облыстық штабына 30-дан астам көрнекті қоғам қайраткерлері мен құқықтанушылар, саясаттанушылар арасынан 24 сарапшы кіргенін атап өтті.

Желілік кесте бойынша облыс тұрғындарымен 300-ден астам кездесу өткізіліп, ұсынылған Конституциялық түзетулердің мазмұны 65 000-нан астам адамға жеткізілді.

Жеке кесте бойынша сарапшылар, штаб өкілдері қатарынан 18 ақпараттық топқа шығу жүргізіледі.

Олар облыстың барлық 10 ауданында, 3 қаласында болып, 30-дан астам ірі кәсіпорындарды аралады.

Осы іс-шаралардың ішінде "Қазақстан электролиз зауыты" АҚ, "Павлодар мұнай-химия зауыты" АҚ, "Павлодар облыстық онкологиялық диспансері" ШЖҚ КМК және басқа да ұйымдар сияқты ірі ұжымдармен кездесулерді атап өтуге болады.

Волонтерлерден құралған жастар қанаты да жұмыс істейді, жастар ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын кеңінен және белсенді жүргізеді.

Мысалы, колледж студенттерімен кездесулер өткізеді, адамдар көп жиналатын жерлерде олар ақпараттық материалдар таратады және әлеуметтік желілер үшін тақырыптық бейнероликтер түсіреді.

Сондай-ақ, қоғамдық көлікте, адамдар көп жиналатын жерлерде Павлодар облысы бойынша 96 642-ден астам ақпараттық материал орналастырылды және таратылды; 204 билборд және 6 тартым орнатылды.

Жоспарда тағы да 20 - дан астам кездесу өткізу, осылайша облыс халқының 80 пайызын қамту көзделген.

Осы кездесуге қатысушылар Қостанайда 2022 жылы қазақ ағартушысы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай ескерткішіне жиналды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер