«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Павлодарда бизнес мәселелері талқыланды 

2021 жылғы 07 Қыркүйек
- Павлодар облысы
4964 просмотров

Павлодар облысының аумағында Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі жол картасын жүзеге асыру жұмыстары жалғасын тауып отыр. 

Бұл жолы облыстық прокуратура мен "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасының (директоры Серік Сәдуақасов) ортақтасуымен сұхбат алаңы ұйымдастырылып, бизнес нысандарының проблемалық сұрақтары талқыға салынды. Сұхбат алаңы барысында сондай-ақ «Прокуратура туралы» Заңының, Қылмыстық кодекстің, «Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы» кодексінің жаңа ережелері мен Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің жаңа талаптары түсіндірілді. 

Отырыс жұмысына бақылау-қадағалау органдарының, соның ішінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу  басқармасының, өкілетті мемлекеттік органдардың және бейнебайланыс арқылы бизнестің өзекті деген мәселелерін көтерген өңіріміздің бизнес қауымдастығының 34 өкілі белсене қатысты. 

Мысалы, балалардың бос уақытын қамтумен айналысатын ақсулық кәсіпкер қалада үрмелі аттракцион – батут орнатып, кәмелеттік жасқа толмағандарды вакциналау қажеттілігі туралы сұрақ қойды. COVID-19 пандемиясы мен осы індетке қарсы вакциналау тұрғысында эпидемияға қарсы шараларды арнайы мониторингтік топтар қадағалайтындықтан, бұл сұрақ әр екінші кәсіпкер үшін өзектілігін жоғалтпайтыны айдан анық. 

Облыстық санитарлық-эпидемиялық департамент басшысымен кәмелетке толмаған тұлғалар міндетті екпеден босатылғандарын жеткізді. 

Май ауданына қарасты «Ақжар Өндіріс» агрофирмасының басшысы Г.Казылова кездесу қатысушыларының назарын облысымыздың бөлек жерлерінде құрғақшылық жаз салдарынан орын алған ауыл шаруашылық жануарларының жетпей тұрған азығын қамтамасыз ету сұрағына және жем дайындауға бағытталған жеткіліксіз бюджеттік қаржыланду мәселелеріне аударды. 

Қалыптасқан осы мәселені және ауыл шаруашылық кәсіпкерлерге қолдау көрсету жолында қаражат табу сұрағын шешу жергілікті атқарушы органдарға жүктелді. 

Шара барысында көтерілген барлық сұрақтар және айтылып қана қоймай, осы сұрақтардың шешілуі бақылау органы өз бақылауына алды. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер