«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«ASHYQ»: Алматы қаласы бойынша 359 қатысушы жобадан шығарылуы мүмкін

2021 жылғы 13 Шілде
- Алматы қаласы
11144 просмотров

 Алматы қаласы бойынша жобадан 97 кәсіпкерлік субъектісі шеттетілді. Сонымен қатар 20 тіркеуден (check-in) асырмаған 359 субъект анықталды. Бұл тізім әкімдікке жіберілді, осы қатысушылармен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

 Ведомствоаралық комиссияның шешімімен 12 маусымнан бастап жобада 9 күннен астам жұмыс істейтін келушілерді QR-код (check in) бойынша тіркеудің нөлдік саны бар қатысушылар Ashyq жобасынан 2 апта мерзімге шығарылады.

 Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы директордың орынбасары Салтанат Лесбаеваның айтуынша, нысанға келушілерді тіркемейтін Ashyq жобасына қатысушыларға әкімдік тарапынан алдын ала ескерту жіберіледі. Әрі қарай қатысушылар оларға ескертілгенін растайтын құжатқа қол қоюы керек. Егер мониторинг топ  бұзушылық қайталанғанын анықтаса, қатысушылар жобадан 2 аптаға шығарылады.  

 Салтанат Лесбаеваның айтуынша, мониторинг топ тарапынан бизнес қызметіне нұқсан келтіріп, құқықтарын бұзуға жол берілмеуі тиіс. Осы ретте бизнес өкілдері де санитарлық талаптарды сақтап, мониторинг топтың тексеруімен келуіне жағдай жасамауы керек.

 «Қосымшаны қолданушылар тарапынан, оларды нысанға тексермей кіргізгені жайында шағымдар көптеп түсуде. Естеріңізге сала кетейін, мұндай фактілер анықталса, жобадан 2 апта мерзімге, ал қайталап бұзған жағдайда 2 ай мерзімге шығаруға негіз болады», – деді Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары.

 Алматы қаласы әкімдігінің сайтында Ashyq жобасы қатысушыларының келесі тізімдері жарияланғанын хабарлаймыз: жобаға қатысушы бизнес субъектілері; ерікті қатысушылар; Ashyq көшбасшылары; жобадан шығарылған қатысушылар және сынақ режимінде жұмыс істейтін қатысушылар. Тізімдерді мына сілтеме бойынша көруге болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/activities/12999?lang=ru

2021 жылғы 9 сәуірден 8 маусым аралығында келушілерді сканерлеу кезінде «қызыл» статуспен 323 адам анықталды, фитнес орталықтар, бассейндердің келушілері арасында – 164, кинотеатрлар – 79, сауда және ойын-сауық орталықтары – 24, ХҚКО – 21 адам анықталды. Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин 10 маусымнан бастап тәртіп бұзушыларға 30 АЕК-тен 32 айыппұл салынғанын, оның ішінде соңғы аптада 10 айыппұл салынғанын хабарлады.

Осыған байланысты қатысушыларға коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында барлық келушілерді сканерлеу  қажеттілігін еске саламыз.

Анықтама үшін: бұзушылықтарға жол берген қатысушыларды жобана шығару алгоритміне сәйкес, олар келесі негіздер бойынша жобадан шығарылады:

  1. мониторинг топ нысанда жоба талаптарының бұзылғанын растайын фактілерді анықтауы негізінде;
  2. Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімі негізінде;
  3. 2 апталық мерзім нәтижелері бойынша нысанның ВАК-пен белгілеген QR-код (check-in) бойынша келушілерді тіркеуінің ең аз санын жүргізбеу фактісін анықтауы негізінде.

Еншілес ұйымдар

Серіктестер