«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Павлодарда балалар шығармашылығына арналған бұйымдарды «Бастау» түлегі өндіреді

2021 жылғы 30 Маусым
- Павлодар облысы
5016 просмотров

Екібастұз тұрғыны, үш баланың анасы Сауле Рахимбұл басқа аналар секілді балалардың гаджеттерге тым қатты берілуіне алаңдайды. Бұл мәселе әсіресе пандемия кезінде өршілене түсті. Идея аяқ астынан ойға келді. Келіншек балалар шығармашылығына арнап гипс фигураларын жасаумен айналыса бастады.

 «Көп ана менің бастамамды қолдайды деген ойдамын. Балаларға ермек керек, өйткені мобильді телефондар мен түрлі гаджеттер көздің көру қабілетін құртады. Мамандығым бойынша мен сырлаушы, тігіншімін. Осы екі мамандық та жаңа бастамамда кәдеге асты. Пандемия басталғанда балаларым үшін қатты алаңдадым. Сондықтан маска тіге бастадым. Тапсырыстар бүкіл Қазақстаннан түсе бастады, бірақ Павлодар, Нұр-Сұлтан және Екібастұздан ары аспадым, өйткені үйде отырып тіктім. Маскалардың бір бөлігін тегін тараттым», – дейді Сауле Рахимбұл.

Кәсібін жаңа бастаған кәсіпкердің сирек кездесетін ауру – ми акромегалиясына байланысты 2 топтағы мүгедектігі бар.

Осыған қарамастан, ол жеке кәсіппен айналысамын деп шешті. Ол үшін «Бастау» жобасына келді.

«Балалар шығармашылығына арналған гипс фигуралары барған сайын танымал болып келеді. Балаларға әдеттегі қағаз бояуларының орнына көлемді 3D кескіндерін бояу ұнайды. Қазір мен күніне 150 фигураны жасаймын. Мен балаларға шеберлік сабақтарын өткіземін. Мысалы, жазғы демалыс кезінде мектеп жанындағы лагерьлерде балалар фигураларды бояумен айналысады. Ол ойлауды, сондай-ақ қолдың моторикасын дамытады. Сонымен қатар бояу, қыл қалам, стақандар және жеткізу тегін көрсетіледі, – дейді Сәуле Рахымбұл.  

Кәсіпті енді бастаған кәсіпкер бұрын жасөспірімдерге арналған сөмкелер, жаңа туған нәрестелерге арналған заттарды, ұлттық бұйымдарды тігетінін айтты.

«Тігін цехын ашуға бизнес-жоспар дайындау ойы болды, бірақ Екібастұзда олар көп. Сондықтан, ойланып, «балалар шығармашылығына арналған гипс фигуралары» тақырыбында бизнес-жоспар құрдым. Менің ойым мектеп мекемелері мен балабақшаларда қолдау табады деп үміттенемін. Менің барлық жұмыстарым және балалармен шеберлік сабақтарымды aruka2017 Instagram парақшасында көруге болады», – дейді «Бастау» түлегі.

Павлодар облысы ӨКП бизнес-тренері Ақмарал Сейтқұлова биыл Екібастұзда екі лекте  тыңдаушы болғанын айтты. Түлектер арасында қоғамдық тамақтану қызмет көрсету, тігін салоны, мал шаруашылығы бойынша жобалар танымал.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер