«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Төтенше жағдай және карантин: Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының атқарған жұмысы

2020 жылғы 02 Маусым
- Қарағанды облысы
7193 просмотров

Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасына бизнес өкілдерінен 20 мыңнан астам өтінім келіп түсті. Проблемалардың көбі қолма-қол шешіліп отырды, басқалары – жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп қаралды, орталықтан шешу үшін жалпы және жүйелік мәселелер «Атамекен» ҰКП-ға жіберілді

 Палата жұмысы туралы директор Ернар Күлпейісов баяндады.

 «ӨКП қызметкерлері төтенше жағдай жарияланғаннан бастап бизнес-қоғамдастыққа консультативтік және ақпараттық көмек көрсету бойынша жұмысты жалғастыруда. Палата мамандары блоктар және жүйелі мәселелер бағыттары бойынша бөлінді. Күн сайын ТЖ кезеңінде сарапшылардың байланыс нөмірлеріне әр сарапшыға 200-ден қоңырау түсіп отырды», – деді директор.

 Өтінімдерге жасалған талдау негізгі мәселелерді көрсетті:

-қала бойынша жүріп-қозғалу және propusk.kz сайтының жұмысы;

-табыс жоғалтуға қатысты әлеуметтік көмек алу (42 500 тг);

-қала сыртына шығу, басқа өңірлерден кіру;

-карантин режимін кезең-кезеңмен жеңілдету және ұйымдардың жұмыс істеуіне рұқсат беру тәртібі;

-жалға алу төлемдері бойынша кейінге шегеру немесе демалыс беру;

-форс-мажор жағдайына сертификат беру;

Қолдау шаралары және салықтық жеңілдіктер.

 ӨКП – қашанда қорғауда

Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлердің құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту саласында үлкен жұмыс жүргізуде. Сәуір айында сарандық «Восток» дүкенінің ТЖ режимін бұзғаны үшін жазалауы ескертуге ауыстырылды. Сондай-ақ «Шығыс» дүкенінің де карантин режиімн бұзғаны үшін жауапкершілігі жеңілдетілді.

 ТЖ режимі мемлекеттік органдар туындаған мәселелерді шешуге әрдайым дайын емес екенін, кері байланыс жоқ екенін, қабылданған нормативтік құқықтық актілер бойынша түсіндірме жұмыстары жеткіліксіз жүргізілгенін көрсетті.

 Бірлескен жұмыс топтарының жұмысы

 ТЖ режимінде несиелерді кейінге шегеру, жалға алу құнын төмендету немесе тоқтата тұру бойынша бизнес міндеттемелері шешілді. Екінші деңгейлі банктерде несиелерді кейінгі шегеру бойынша кәсіпкерліктің 560 субъектісінің өтініші қаралды. Жалға алу құны мәселес бойынша жұмыс тобы қаралып, 86 сауда үйі, соның ішінде 26 ірі сауда орталықтарымен жұмыс жүргізілді, жалпы 4800 жалға алушы, соның ішінде ірі сауда орталықтардың 3600 жалға алушысы қамтылды. Тұтастай алғанда, жалға алушылар мен жалға берушілер ӨКП-нің көмегімен ортақ түсіністікке келіп, объекті иелері жалға алушыларға жалдау бағасының 50%-ынан немесе жұмыс уақытын ескере отырып қайта есептеуді қарастырды.

 Монополистер де көмекке келді. Табиғи монополиялардың 84 субъектісімен кәсіпкерлердің төленбеген коммуналдық қызметтер үшін өсімақы және айыппұл тағайындамау туралы келісім жасалды.

 Жергілікті тауар өндірушінің басымдығы

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы мемлекеттік сатып алулардағы жергілікті қамту туралы есептердің сенімділігін арттыру үшін СТ-KZ сертификаттарын өзектендіру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. 2020 жылы 41 индустриялық сертфиикат берілді (машина жасау – 9, жеңіл өнеркәсіп – 19, жиһаз өнеркәсібі – 5, химиялық өнеркәсіп – 2, ІТ-жүйесі – 2, қағаз-целлюлоза өнеркәсібі – 2, құрылыс материалдарын жасау – 2).

Арнайы тәртіп шеңберінде Отандық тауар өндірушілер тізіміне Қарағанды облысының 214 өндірушісі қосылды.

 Төтенше жағдайдан кейінгі қарағандылық бизнес

 Қарағандыда карантин режимін кезеңмен жеңілдету жалғасуда.  Жеңілдіктер 29 мамырда басталды, бірақ санитарлық және дезинфекциялық талаптардың сақталуын бақылау күшейтілді. Палата көмегімен мейрамханалардың, дәмханалардың және жазғы алаңдардың қызметіне рұқсат етіледі, клиенттер саны бір уақытта 30-дан аспауы керек. Облыс өңірлерінде объектілердің жұмысын қалпына келтіруге дайындығын бақылау және бағалау үшін 55 бақылау тобы құрылды. Дайындық актісін алуға өтінімді propusk.kz сайты арқылы беруге болады. Бұл функция жақында іске қосылады.

 Бүгінде Палата консультативтік-түсіндіру жұмыстарын жалғастырып, нысандарды қалпына келтіруге көмектесуде, сонымен қатар бизнестің ахуалын анықтау және салаларды қолдау мақсатында Үкіметпен бірлесіп тиімді шаралар әзірлеу үшін кең ауқымды сауалнама жүргізуге кірісті.

 Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының әлеуметтік желілердегі парақшалары:

Facebook

 Instagram

Telegram


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер