«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасында Израиль Елшісімен кездесу өтті

2019 жылғы 09 Тамыз
- Павлодар облысы
5233 просмотров

Кездесу барысында Израиль мемлекетінің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Лиат Вексельман және «Атамекен» Өңірлік кәсіпкерлер палатасының басшылығы екі ел кәсіпкерлерінің өзара тиімді серіктестігін дамыту мәселелерін талқылады

Лиат Вексельман мал шаруашылығы, құс шаруашылығы, тамшылап суару, малға арналған жем-шөп сияқты салалар бойынша ынтымақтастыққа қызығушылық танытты.

«Павлодар облысы белсенді дамып, соның ішінде агроөнеркәсіптік кешеннің қарқынды жетілуі туралы  БАҚ көздерінен оқып, әріптестерімнің пікірін естідім. Біз осыған қатысқымыз келеді, өйткені Израиль – жоғары технологиялар мемлекеті. Елімізге 71 жыл толып отыр. Осыған дейін онда шөл дала болған. Оның бәрін өткеріп, көп саланы жолға қойдық, соның ішінде ауыл шаруашылығын да жетілдірдік. Израиль инновациялар бойынша үздік елдердің ондығына кіреді. Біз достарымызбен, атап айтқанда Павлодар өңірімен тәжірибе бөліскіміз келеді», – деді Лиат Вексельман.

 Диалог барысында тараптар павлодарлық және израильдік әріптестерде көп байланыс бары анықталды, солар бойынша ары қарайғы даму қажет.

Өз кезегінде Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Ерлан Арынов Павлодар өңірінің мүмкіндіктерін таныстырып, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы екі ел кәсіпкерлеріне құрылымды диалогты құруда жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екеніне назар аудартты.

 Осы мақсатта биыл қазан айында израильдік кәсіпкерлердің Павлодар облысына бизнес-миссиясы жоспарланды, онда екі елдің бизнес-қоғамдастықтары В2В форматында келіссөздер жүргізбек 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер