«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жергілікті өндірушіге басымдық берілуі керек

2018 жылғы 05 Наурыз
- Павлодар облысы
8652 просмотров

Бұл туралы өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында өткен отандық тауар өндірушілерді қолдау жөніндегі жұмыс комиссиясының отырысында айтылды

Жиында отандық өндірушілердің құрылыс нысанына қатысу үлесін арттыру мүмкіндігі қарастырылды. Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Серік Байсейітов бұл мәселе кәсіпкерлер үшін аса маңызды екенін атап өтті.

Өңірде тауар, жұмыс пен қызметті сатып алуда жергілікті қамту үлесін арттыру бойынша жұмыс тобы бар. Мұнымен қоса, Кәсіпкерлер палатасы жергілікті тауар өндіруілердің реестрін жүргізеді, сондықтан тапсырыс берушілер әрдайым отандық тауар өндірушілер қатарынан әлеуетті жеткізушілер туралы ақпарат ала алады.

Өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы Олег Курук сатып алуларды өткізгенде отандық тауар өндірушілердің мүмкіндіктері барынша пайдаланыла бермейтіндігін айтты.

«Облыстағы құрылыс нысандарында Павлодар өндірушілері барынша қамтылуы керек. Жергілікті бизнес мемлекеттік бюджет есебінен жүзеге асырылып отырған жобалардың қажеттілігін өтей отырып жақсы қолдау алады. Қажетті материалды өндіруге дайын өзіміздің кәсіпкерлер тұрғанда  басқа жақтан тасудың не қажеті бар?» – деп сауал тастады Олег Курук.

Кәсіпкерлер үшін жұмыс істейтін қызмет алаңы өте ауқымды. Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Асқар Әжімұрат айтқандай, биыл облыста құрылыс және қайта жөндеу бойынша 84 нысанда жұмыс жүргізіліп отыр. Мұнымен қоса, облыс аумағында түрлі меншік формасында құрылыс индустриясында отыздан астам кәсіпорын бар. Олар шетелдік өнімнен кем түспейтіндей материалдар шығарады.

Өз кезегінде «Павлодар» ӘКК» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Рүстем Атырауов Павлодарда 9 қабатты үш тұрғын үйдің құрылысы жоспарланғанын, онда «Павлодар» ӘКК» жергілікті өндірушілермен ынтымақтастыққа дайын екенін айтты.

Өңірлік кеңес төрағасының айтуынша жергілікті тауар өндірушілер үшін құрылыс саласында тендер алды және кейінгі мониторин жүйесін енгізу жақсы демеу болады.

Жиынға қатысушылар бірауыздан жобаның жүзеге асырылуының барлық деңгейінде отандық өндірушілерді қолдау керектігін айтты. Жобалаушылар көп ретте жергілікті тауар өндірушілер туралы ақпарат жоқтығына сілтеме жасайды, сондықтан жобалаушы мекемелермен бірлескен кездесу өткізуді жоспарлады. Онда жергілікті тауар өндірушілер өз өнімдерін таныстырады.

Мұнымен қоса Павлодар облысында жүйе қалыптастыратын ірі кәсіпорындар орналасқандықтан, Палата алаңында тауар, жұмыс және қызмет сатып алуындағы мәселелерге қатысты кездесу өткізу жоспарланды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер