«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіби бағдар – келешекке салынған инвестиция

2017 жылғы 25 Тамыз
- Павлодар облысы
6463 просмотров

Адами капиталды дамыту жалпы экономика дамуының іргетасына айналады

Бұл ең алдымен еңбек нарығында сұранысы жоғары мамандарды кәсіби дайындауда жоғары талап қою үрдісі анық байқалғанымен байланысты. Басты назар білім алушылардың кәсіби бағдарына аударылып отыр. Бұл – кәсіпкерлер палатасының атқарып отырған жұмысындағы басым бағытың бірі.

«Қазіргі таңда жоғары сынып оқушыларының басым көпшілігі мамандық таңдауда қиналады, себебі еңбек нарығына қажетті мамандық туралы ақпаратты нақты білмейді. Өкінішке қарай жастардың көбінде жоғары білім бар, бірақ мүлдем басқа салада жұмыс істеуге мәжбүр. Бұл мамандық таңдаудағы қателіктің көрінісі деп ойлаймын. Сондықтан біздің міндетіміз осы бағытта барынша жәрдемдесу», – деп атап өтті ӨКП адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Бақытжан Ильясова.

Маманның айтуынша, Кәсіпкерлер палатасы еңбек нарығындағы сұранысына экономика саласы бойынша мониторинг жүргізеді. Талдау нәтижесінде кәсіпорындарға мыңнан аса маман жетіспейтіндігі анықталған. Металлургия, энергетика, тау-кен, мұнай өңдеу салаларында маман тапшылығы жоғары. Сонымен қатар техникалық сала мен ауыл-шаруашылығының мамандары да аз.

Кәсіби бағдар жұмысы біліктілігі жоғары маман дайындауда үлкен әсер етеді. Сондықтан Кәсіпкерлер палатасы биыл 122 жалпы білім беретін мектепте өңірдегі үздік кәсіпорындар туралы ақпарат ілді. Кәсіби бағдар жұмысы бойынша 43 іс-шара ұйымдастырып, мыңнан аса оқушы мен 30 кәсіпорын қатысты.

Бақытжан Ильясованың айтуынша 2015 жылдан бері Павлодар қаласында жұмыс істеп келе жатқан профильді дайындық кластерінің оқушылармен байланысы тиімді нәтижеге жеткізген. Мұнда 18 балабақшағ №28 орта білім беретін мектеп, Технологиялық колледж, Сервис және тамақтану колледжі, Инновациялық Еуразиялық университет, Мұнай-газ колледжі, «Нефтехим ЛТД», «Крендель» кәсіпорындары мен Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасы кіреді.

№28 мектеп директоры Гүлмира Мантықованың айтуынша 2017-2018 оқу жылының басына әлеуметтік серіктестер мектепке 2 млн теңгеден астам сомада демеушілік көрсеткен.

«Нефтехим ЛТД» ЖШС кәсіби бағдар жұмысына белсене атсалыпы келеді. Бүгінде кәсіпорын 2017-2023 жылдардағы мектепті жаңарту жоспарын бірлесіп дайындап отыр. Хмия және тағам салаларындағы кәсіпорындарды серіктестікке шақырып, әлеуеметтік мәселелерді бірлесіп шешуге араласса дейміз. Бұл мектеп оқушыларының мамандық таңдауына, болашақта жұмысқа орналасуына әсер етері анық», – дейді Гүлмира Мантықова.

Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасының қызметкері Бақытжан Ильясова білім алушылардың кәсіби бағдары – экономикамыздың болашағына салынған инвестиция деп санайды. Сондықтан Кәсіпкерлер палатасы  еңбек нарығына білікті маман дайындау бағытында жұмысын жалғастыра бермек.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер