«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіпкер жарнама туралы не білуі керек?

2017 жылғы 11 Сәуір
- Павлодар облысы
6060 просмотров

Кәсіпкерлер палатасы алаңында жарнама саласындағы мемлекеттік бақылау саласы талқыланды

Жарнама – сауданың қозғаушы күші екені баршаға мәлім. Демек, тауарын немесе қызметін жарнамалауда кәсіпкер нені ескеруі керек? Жарнама туралы заңды бұзса, кәсіпкерді қандай жаза күтіп тұр, осы және салаға қатысты құқық бұзушылықты анықтау мәселелері Палата сарапшылар, жергілікті Прокуратура және уәкілетті мемлекеттік органдар қатысуымен өткен дөңгелек үстел барысында талқыға салынды.

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің бастығы Лашын Баймағамбетова жарнама беру мәселесіне орай мемлекеттік органдардың заңсыз әрекеттеріне наразылық ретінде ӨКП-ға кәсіпкерлер тарапынан көп шағым түскенін айтты. Өйткені, мемлекеттік органдар жарнама тәртібі бұзылған деп кәсіпкерлерді тексеріп, салық төлемдерін ұлғайтқан. 

«Сәулет және қала құрылысы» мемлекеттік мекеме секторы басшысы Жанкелді Шалғымбаев «Жарнама туралы» Заңы талаптарына сәйкес фото-бейнежазу жүргізіп бақылау арқылы жүзеге асады деп мәлім етті. Дегенмен, аталған процедураны жүргізу барысы меншік иесіне хабарланбайды және «Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінде тексеруді тіркеу қарастырлмаған, сондықтан кәсіпкерлерден шағымдар легі көп.

 Дөңгелек үстел барысында Павлодар қаласы прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау басқармасының бастығы Руслан Түйбаев тексерулер кезінде ең алдымен кәсіпкер мүддесін қорғау үшін барлық шара қолданылуы қажет екенін айтты. Прокурор Қуандық Жұмалин «Жарнама туралы» ҚР Заңы талаптарын орындау бойынша тексерулер ретінде жүзеге асатын бақылау функциясы «Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінде тіркеуден өту керек дейді. Тексерудің басқа түрі құқық бұзушылықты алдын алатын құрал ретінде қолдануы керек және ол бойынша кәсіпкер ешқандай құқықтық жауапкершілікке тартылмауы тиіс.

Жарнама туралы заңды ұстану бойынша мемлекеттік органдардың заңсыз әрекеттерін болдыртпау әрі кәсіпкерлер мен жергілікті атқарушы органдыры арасында жақсы қарым-қатынас орнату үшін Палата Павлодар қаласының прокуратурасына бизнестің мәселелері, бизнестің мемлекеттік органдармен қарым-қатынасы бойынша жалпылама сараптамалық ақпарат жолдайтын болады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер