«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Таңертең ақша – кешке орындық...

2017 жылғы 28 Наурыз
- Павлодар облысы
6278 просмотров

Павлодарлық кәсіпкер кеңестік кинематографтың қанатты сөзінің маңыздылығын сезінді  

«Көкшетау жылу» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын үшін автоматты ажыратқыштарды жеткізу бойынша мемлекеттік сатып алу жеңімпазы атанған жеке кәсіпкер «Тауар жеткізілді, ал төлемі қайда?» деген дилеммаға тап болды.

Кәсіп иесі шындық іздеп Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасына жүгінген. Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің басшысы айтқандай, Лашын Баймағамбетова 2016 жылдың шілде айында жасалған үш келісімшарттың талаптары бойынша «Копоть» ЖК «Көкшетау жылу» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорына тауар жеткізген. Тауар бергені қабылдау-тапсыру актісі мен жүкқұжатымен расталады. Тараптар қабылдау-тапсыру актісіне тамыз айында қол қойған, алайда тапсырыс беруші қаржылық қиындықтарға сілтеп, төлемді уақытылы жүргізбеген.

Дегенмен, сарапшылар тапсырыс берушінің дәлелдерімен келіспей, келісімшартқа сәйкес қарыз сомасын төлетуге жауап берушінің тұрғылықты жері бойынша сотқа материал дайындады. Бұған қоса, іс кәсіпкердің қатысуынсыз, жеңілдетілген түрде қаралған.

Лашын Баймағамбетованың айтуынша, өкінішке қарай, кәсіпкерлер осындай мәселемен Палатаға жиі жүгінеді. Шын мәнінде адал кәсіпкерлер қолдарында мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарт, қабылдау-тапсыру актілері, қарызды өтеу кестесі  бола тұра, қиын жағдайға тап болады. Олар өздерінің заң жолымен тапқан ақшаларын алу үшін мемлекеттік мекемелердің табалдырығын тоздыруға мәжбүр. Әрине, бұл жерде бизнесменнің мүддесіне зиян келіп отыр, бұл кәсіпкерлік қызметін ары қарай дамытуды тежейді.

Облыстағы кәсіпкерлер палатасының араласуы арқылы бизнесменнің 2 млн сомадағы қаржысын қорғап әрі сақтап қала алды. Сот талап арыз берушінің шағымын негізді деп танып, мемлекеттік-коммуналдық мекемесінің келісімшарт талаптарын орындамаған нәтижесінде туындаған тұрақсыздық айыбын төлеуіне шешім шығарды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер