«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Маржан тіс

2017 жылғы 25 Қаңтар
- Павлодар облысы
9987 просмотров

Кәсіпкер моноқалаларды дамыту бағдарламасы бойынша қаржы алып, стоматология ашты

Стоматологиялық қызмет көрсету саласында бизнес ашуға бола ма? Егер мақсатың, кәсібіңе деген сүйіспеншілігің және Кәсіпкерлер палатасы тарапынан қолдау болса ашуға болады деп санайды Анна Чумак.

«Мен болашақ кәсібімді мектеп қабырғасында жүргенде таңдадым. Құрбыларым киноактриса, модельер болуды қиялдап жүргенде, мен адамдарға маржан тіс сыйлауды армандадым», – дейді бизнесвумен.

Медициналық академияны тәмәмдағаннан кейін, осы салада он екі жылдан астам жұмыс істеді. Сосын жеке стоматологиялық кабинет ашуды ойлай бастады. Арада біраз уақыт өткенде идеясын іске асырды.

«Қалауын тапса қар жанар» демекші, істің көзін білетін дәрігер Палатаның Ақсу қалалық филиалынан көмек сұрайды. Мұнда ол «Бизнес-кеңесші» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін үйренеді. Палата консультанттары несие алуға толық сүйемелдеу көрсетіп, бизнес-жоспар жасауға, құжаттар пакетін жинауға көмектесті. Көп ұзамай атқарылған жұмыстар өз нәтижесін берді, кәсіпкер әйел моноқалаларды дамыту бағдарламасы бойынша қаржы алып, «Чумак» стоматологиясын ашты.

Қазір стоматологиялық кабинет бес адамды жұмыспен қамтып отыр. Ем қабылдаушылардың айтуынша, мұндағы стоматологтар пайданы емес, әр адамға сапалы қызмет көрсетуді көздейді.

Палатаның Ақсу қалалық филиалының директоры Глюза Алпысбаеваның сөзінше, өткен жылы филиал жалпы сомасы 356 млн 240 мың теңгені құрайтын 63 жобаны соңына дейін сүйемелдеген. Шағын және орта кәсіпкерліктің бес жүздей субъектісі 976 консультация алған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер