«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жастарға жол ашатын жоба

2016 жылғы 15 Тамыз
- Павлодар облысы
14067 просмотров

Өз жобаңды белгіленген уақытта әлеуетті инвесторларға таныстырып, оған қатысты сауалдарға қатаң регламентті сақтай отырып жауап  беруге үлгеру

«Start Up Pavlodar» бизнес-форумына қатысқан жас кәсіпкерлердің алдына осындай міндет қойылды.

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде өткен шара барысында ПМУ Стартап кадемиясында акселерациядан өткен үздік жобалар таныстырылды. Акселерация бағдарламасы қатысушыларға өздерінің нарықтық артықшылықтары мен перспективаларын жақсырақ танып-білуге мүмкіндік беріп, сонымен бірге қанша инвестиция тарту қажет, қандай нәтижелерге қол жеткізуге болатындығын зерттеуге мүмкіндік береді.   

Бизнес майталмандардың назарына түрлі салалардағы стартап-жобалар ұсынылды. Олар IT және коммуникация, косметология, қоғамдық тамақтану және т.б.

«Атамекен» ҰКП аппарат басшысы Эльдар Жұмағазиев бастауыш кәсіпкерлерге жұмыссыз жастарға, жас кәсіпкерлерге арналған  «BASTAU» бизнес-мектебі» пилоттық жобасының жүзеге асырылуы жайында әңгімелеп берді. Бірегей бағдарлама жас буынның барлық қажеттіліктерін ескере отырып әзірленген және жастардың бизнес-білімінің  жоқтығы, кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау шарттары туралы ақпараттың, бизнесті ашуға қажет бастапқы капиталдың болмауы сынды көптеген мәселелерді шешуге  жол ашады. Осылайша, мектеп бітіргеннен кейін, түлектер белсенді, болашағынан зор үміт күттіретін жас кәсіпкерлерден құралған бизнес-қауымдастықтың мүшесі бола алады.

Іс-шараның басты мақсаты – жас кәсіпкерлердің өмір сүру сапасын жақсартуға  бағытталған әлеуметтік маңызы бар бизнес-бастамаларына қолдау көрсету және алдыңғы қатарлы білім мен технологияларды енгізу екенін атап айту керек.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер