«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Билік бизнес пікіріне құлақ асады

2016 жылғы 05 Тамыз
- Павлодар облысы
12531 просмотров

Павлодарлық кәсіпкерлердің бизнес-омбудсмен арқылы облыс басшылығына тікелей шығуға мүмкіндіктері бар

Бизнесті қолдаудың жақсы түрі – өңір басшылығының кәсіпкерлермен байланысу тәжірибесін енгізу. Сонда бизнес-қауымдастық өкілдері өңірлік Палата алаңында өздерінің түйткілді мәселелері бойынша тікелей мүддесін танытып, даму келешегімен бөлісе алады.

Айта кетерлігі, бизнес мәселесін шешуде мұндай тәжірибені енгізу Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетовтің өңірге жасаған жұмыс сапары барысында облыс әкімімен және прокурорымен кездесуі нәтижесінде мүмкін болды.

Бір айдың ішінде бизнес пен билік арасында сындарлы сұхбат жүйелі сипат алды. Мәселен, кезекті кездесу барысында облыс әкімінің орынбасары Николай Дычко павлодарлық бизнесмендердің мәселелеріне ден қойды. Кәсіпкерлер өнімдерді сатып өткізудің қиындығына шағымданды. Бұл мәселе өнеркәсіптік газ талдауыш құрылғылар дайындаумен айналысатын «Правиком» ЖШС үшін өзекті мәселе. Серіктестік директоры Владимир Гелеверяның айтуынша, көптеген қазақстандық кәсіпорындар шетелдік құрылғылармен жабдықталады, ал «Правиком» ЖШС-ның газ талдағышының бағасы бәсекеге қабілетті болғанымен қоса, сапасы жағынан шетелдік баламаларынан бір мысқал да кем емес, тіпті кейбір параметрлері жағынан асып түседі екен. Бұл мәселе бойынша облыс басшылығы ірі кәсіпорындардың сатып алуларына қатысуға көмектесуге уәде етті.

Осыған ұқсас өнімді өткізудегі қиындықтар туралы мәселені арматураның  жаңа түрлерін шығарумен айналысатын  «Sigmetex» ЖШС директоры Тимур Омаров та тілге тиек етті. Бұл мәселеде кәсіпкерге өткізу нарығын кеңейту мақсатында Павлодар облысы делегациясының Астана мен Алматы қалаларына жасайтын  сапарына қатысуға кеңес берілді.

Жер телімін бөлу туралы мәселемен өтініш білдірген «Домострой» ЖШС директоры Серік Мұқашевқа жобаны дамыту мүмкіндігін мемлекеттік-жеке меншік серіктестік желісі аясында қарастыру ұсынылды.

Электр энергиясымен қамтамасыз ету мәселесін «Технологиялық желілер» ЖШС және «Павлодар құбыр желісі арматурасы зауыты» ЖШС көтерді. Бұл мәселе бойынша электр желілерін жаңғырту мәселесін қарауға кеңес берілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер