«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Картоп өсірудің қыр-сырына үңілді

2016 жылғы 01 Тамыз
- Павлодар облысы
16453 просмотров

Шаруалар картоп өсірудің және сақтаудың жаңа технологияларымен танысуда

Фермерлер «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының Агробіліктілік орталығында агроөнеркәсіп кешенінің басым бағыттары бойынша өткізіліп жатқан семинарлар аясында жаңа білім алды.

Ауданның алдыңғы қатарлы шаруашылығы – «Ақтоғай-Агро» ЖШС фирмасының базасында жоғары білікті мамандар шаруа қожалықтары мен фермерлік шаруашылықтардың картоп өсірушілеріне картоп өсіру мен оны сақтаудың заманауи технологияларын тәжірибеде қолдануды үйретті.

«Ақтоғай-Агро» ЖШС фирмасының базалық шаруашылығы картоп пен дәнді-дақылдарды тамшылатып суарудың заманауи технологияларын пайдалана отырып өсіреді.

Айта кетерлігі, семинарға Тимирязев атындағы академияның «ақ бөрібұршақ» зертханасының меңгерушісі Александр Цыгуткин қатысып, биыл «Ақтоғай-Аро» ЖШС егістігінде бірінші рет отырғызылған ақ бөрібұршақтың құрамы туралы әңгімелеп берді. Соя, сопақ жапырақты бөрібұршақ, асбұршақ, азықтық ірі бұршақ сияқты дәнді-бұршақты дақылдардан көп өнім беретіндігімен ерекшеленеді. Есептеулер көрсеткендей, 1 га жерге ақ бөрібұршақ отырғызуға кететін шығын соя өсіргенге қарағанда 1,5 есе аз.

«Павлодар ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС бас директоры Бақыт Ермұратов жиналғандарға маңызды азық-түліктік, техникалық және азықтық дақыл ретіндегі картоптың халықтық-шаруашылық мәні туралы, картоп пен одан бір мысқал да кем емес қант қызылшасын өсірудің заманауи технологиялары туралы айтып берді. Картоп өсірушілерге Бақыт Рақымбайұлы жемісті жұмыс пен мол өнім жинауларын тіледі.

Павлодар АШҒЗИ селекция және бастапқы тұқым өсіру шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі Төлеген Қабыкенов фермерлерді пайдалануға рұқсат берілген әрі өңірде өсіруге жарамды картоптардың отандық және шетелдік сұрыптарымен таныстырып өтті. Қатысушылар өндірістің түрлі технологияларының экономикалық тиімділігі мен картопты сақтау, сондай-ақ облыстағы картоп өсіру саласын жетілдіру жолдары туралы ой түйді.

«Декан» Сауда үйі» ЖШС филиалының директоры Эдуард Конрадий семинарға қатысушыларды өсімдік өсіруде пайдаланылатын суарудың тағы бір тәсілімен таныстырды.

Оқу семинары аясында тәжірибелік сабақ өтті. Соның барысында қатысушылар «Ақтоғай-Агро» кәсіпорнының картоп плантациясына барды. Олар азық-түліктік және тұқымдық картоп өсіру технологияларымен, тамшылатып суару жүйесін пайдалану мен тыңайту, сондай-ақ өсімдікті зиянкестерден, аурулардан қорғау тәсілдері туралы білімдерін толықтырды. Семинарға жиналғандар картоп өсіру мен жинауда пайдаланылатын көлік және трактор паркімен танысты.

«Қайрат», «Екімбаев», «Ұлан Жеміс» ЖШС шаруа қожалықтарының басшылары семинар жұмысын жоғары бағалады. Олар «екінші нанды» өсіру жөнінде өте пайдалы ақпараттар алғанын айтады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер