«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Үлескерлікте алаяқтыққа жол жоқ

2016 жылғы 01 Тамыз
- Павлодар облысы
13511 просмотров

Тұрғын үй құрылысын жүргізу ісінде үлескер болған жағдайда алаяқтықтың құрбаны болмау үшін не істеу керек? Бүгінгі таңда бұл сауал  көптеген қазақстандықтар үшін өте өзекті мәселеге айналып отыр

Кәсіпкерлер Палатасы алаңында прокуратура органдарының, тұрғын үй құрылысы саласындағы компаниялардың, сондай-ақ  мемлекеттік өкілетті органдардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Облыс прокурорының орынбасары Қуат Артықбаевтың айтуынша, бүгінгі таңда республика бойынша құрылыс кестесінен қалып қойған немесе жұмысы мүлдем тоқтатылған 60-тан астам нысан (шамамен 9 000 адам) бар.

Сондай-ақ, прокуратураның арнайы өкілі биылғы жылдың 7 сәуірінде қабылданған «Тұрғын үй құрылысына үлескерлік қатысу туралы» заңның негізгі ережелерін жариялады.

Айта кету керек, үлестік құрылысты ұйымдастырудың  үш жаңа тетігі заңмен қарастырылып отыр: Бірінші – тұрғын үйдің қабырғасы қаланғаннан кейін ғана үлескерлердің ақшасын осы бағдарлама бойынша тарту. Тағы бір маңызды мәселе – Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры арқылы үлестік жарналарға кепілдік жасау. Үшіншіден – екінші деңгейдегі банктерден жобалы түрде қаржы тарту. Яғни, осы көрсетілген үш тетік арқылы «үлескерлердің» құқығын қосымша қорғау қарастырылған. Мұнда өз кезегінде, екінші деңгейдегі банктер мен Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры, банкроттық жағдайда «үлескерлер» үшін «қауіпсіздік жастығы» рөлін атқаратын болады.

Тағы бір жаңалық, заңда көрсетілмеген тәсілдермен «үлескерлердің» ақшасын тұрғын үй құрылысына тарту ісіне тікелей заңмен тыйым салынбақ.

Осы заңнамалық акт ережелері тұрғын үйдің бiрлескен құрылысына қатысатын азаматтардың сенім деңгейін арттыруға және «үлескерлердің» ақшасын қорғауды қамтамасыз ету мен кепілдік беруге, сондай-ақ азаматтардан заңсыз қаржы жинау деректерінің жолын кесуге арналған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер