«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаладан ауылға немесе қимылдаған қыр асар

2016 жылғы 21 Маусым
- Павлодар облысы
16263 просмотров

Кәсіпкер «БЖК – 2020» бағдарламасы баясында ауылдан наубайхана ашты

«Табысты болғысы келетін адам мүмкіндіктер іздей бастайды, ал қаламайтындар – сылтау айтады», – деген халық даналығы Павлодар ауданының бизнес-ханымы Анна Солдатоваға арналғандай.

90-жылдардағы кәсіпорындар жабылып, жұмыс орындары қысқарған күрделі кезеңдерде, Солдатовтар отбасы да қаражатсыз қалады. Отбасылық кеңесте ауылға келіп, онда бизнес ашу туралы шешім шығарылды.

«Ол кездері несие алу қиынға соғатын, алайда маған қалай да сеніп, өтінімімді мақұлдады. Мен Мичурино ауылының орталығындағы қираған ғимаратты сатып алып, осында дүкен аштым», – дейді кәсіпкер әйел.

Бастапқыда оңай болмады, бірақ туыстары мен жақындары қолдау көрсетіп, бизнесвуменге қолдау көрсеткен.

Бірақ уақыт өткен соң, Анна үлкен елдімекенде наубайхананың жоқтығына назар аударады. Ал облыс орталығынан жаңа піскен нан тасу қиынға соғатын. Осы тұста ауылдастарға арнап наубайхана ашу идеясы ойға келді. Алайда оны ашуға қаражат жетіспеген.

Бизнес-идеяны іске асыруға «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау және дамыту бағдарламасы көмектесті.

Қолға алған іс бірден өрге баса қойған жоқ, дегенмен табысқа жетуге бекінген әйел жеңілуді білмейтін. Бейнеттің зейнетін көретін күн де туды. Қазір ауыл наубайханасында тәулігіне 1 тонна нан пісіріліп шығады. Дастарханның басты көркі – наннан басқа, мұнда печенье, пірәндік, самса және өзге де тәттілер пісіру де жолға қойылған. Өнім балалар үйіне, мектептер мен балабақшаларға жеткізіледі.

Павлодар ауданы Палатасының филиалының директоры Әнуар Қалышбековтың айтуынша, бүгінгі күні кәсіпорында 20 жұмыс орны құрылған және бұл тек бастамасы ғана. «Наубайхананың перспективалары жақсы, өткізу нарығы бар. Өнім тек Мичурино ауылында ғана емес, жақын маңдағы елдімекендерде де сұранысқа ие. Зейнеткерлер үшін 10%-дық жеңілдік қарастырылған», – деді ол.

Бүгінгі таңда ауыл наубайханашысында идеялар мен болашаққа жоспары көп.

Әнуар Қалышбековтың айтуынша, ауыл бизнесі табысты дамып келеді. Мәселен, тек былтырғы жыл ішінде ғана өңір тұрғындары бизнесін дамыту үшін 200 несие алған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер