«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ең бастысы – қызметкердің қауіпсіздігі

2016 жылғы 22 Сәуір
- Павлодар облысы
12755 просмотров

Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай Павлодар облыстық кәсіпкерлер палатасында семинар өткізілді

Семинарға жергілікті атқарушы билік өкілдері, кәсіподақ ұйымдары, өңірдің бірқатар кәсіпорындары қатысты.

Қатысушылардың сөзінше, бүгінгі таңда еңбекті қорғау мәселелері алдыңғы қатарға шығып келеді.

«Халықаралық еңбекті қорғау ұйымының есептеуінше, әлемде әр 15 минут сайын бір жұмысшы өндірісте көз жұмады екен. Сондықтан бұл жағдай өте өзекті. Кәсіпорынның кірісін өндірістің қауіпсіздігінен жоғары қоюға болмайды. Кәсіптің пайда әкелуін ойлап, еңбек шарттарын еш ұмытуға болмайды. Еңбекті қорғау үшін дағдарысты айтып, сылтау етуге болмайды» - деп түсіндірді Павлодар облыстық мемлекеттік бас еңбек инспекторы, еңбек басқармасының басшысы Ерғали Асқаров. 

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Серік Байсейітов осы бағыттағы жұмыстарға құлшына кірісуге дайын екендіктерін айтты.

Еңбекті қорғау саласында құқықтық сауаттылықты арттыру керек. Осы мақсатты өңірлік палата атқарып келеді. 2015 жылдың қорытындысы бойынша, біршама жұмыс атқарылды. Нақты айтсақ, біздің күшімізбен 5 мыңнан аса ұжымдық келісімшарттар жасалды. Өңірдегі кәсіпорындардың 93%-ын қамтыдық десек болады. Бүгінде жұмыс істеп отырған кәсіпорындардың көпшілігі осылар. Оның үстіне 2015-2017 жж. Арнап облыстық әкімдік және кәсіподақ ұйымдарымен келісімге келдік. Келісім мақсаты лайықты еңбек шартын қамтамасыз ету», – деп атап өтті Байсейітов.

ӨКП кәсіпорындардың өз ішінен өндірістік кеңестер құру туралы бастамасын айтып кетті.

«Бұл жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы еңбекті қауіпсіз ету, қорғау мәселелері туралы қарым-қатынасты реттеп отыруға мүмкіндік береді. Еңбек заңнамасына қатысты дау туған сәттерде арнаулы комиссия мүшелері қатарына өңірлік кәсіпкерлер палатасының сарапшыларының да кіруін сұраймыз» ,– деді ӨКП директоры.

Павлодар облысы әкімінің орынбасары Николай Дычко семинарға қатысып отырғандарды осы жұмысқа белсене атсалысуға шақырды.

«Еңбек шарттарын жақсарту жалпы өндірістің дамуына үлкен ықпал етеді. Яғни, өнімнің өсуіне тікелей себепші.  Таңда еңбек қауіпсіздігі реттелген кәсіпорындар баршылық. Осындай кәсіпорындар қатарынан табылуға ұмтылу керек. Нашар баға алмауға тырысу қажет. Бүгінгі күннен бастап келесі еңбекті қорғау күніне дейін барлық кемшілікті жоюға талпыну керек» – деді Дычко.

Семинар кезінде бір айлық байқауға қатысқан кәсіпорындарды марапаттау өтті. Оларды Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай «Ең үздік еңбекті қорғау бойынша кәсіпорын», «Ең үздік еңбекті қорғау инженері», «Ең үздік еңбекті қорғау қызметі», «Ең үздік еңбекті қорғау ұйымы» бойынша марапаттады.   

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер