«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Тәжірибелі экономист Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығын басқарады

2016 жылғы 12 Сәуір
12634 просмотров

ҚР Ұлттық палатасы Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы жалпы жиынының қауымдастық төрағасы ретінде Мағжан Әуезовті тағайындау туралы шешімін қолдады

«Нақты сектор үшін ұзақмерзімді әрі арзан несиелерге қолжетімділік мәселелері әрқашан өзекті болған. Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы тәжірибелі кәсіпқой басшының жетекшілігімен беделді сарапшылық алаң ретінде нақты сектордың мүддесі үшін ақша-несие саясатына өзгеріс енгізу мақсатында ҚР Ұлттық банкімен, «Атамекен» ҚР ҰКП-мен конструктивті байланыс орнатады деп сенеміз», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқармасы төрағасы Абылай Мырзахметов. Еске салсақ, АҚШ-тың екі беделді ЖОО-да білім алған Мағжан Әуезов өз ісінің маманы ретінде танымал. Қазкоммерцбанктың басқарма мүшесі әрі Қазақстанның қаржы құрылымдарындағы жұмыс тәжірибесі мол. 2015 жылдың 31 наурызынан бастап Қазкоммерцбанктың басқарма төрағасы болып істеді.

Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы қаржы секторының мүддесіне қарай жұмыс жасайтын ҰКП-да аккредиттелген қауымдастық болып саналады.

Еске сала кетсек, «Атамекен» Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы кеңесінің бұрынғы төрағасы Асқар Елемесовтың да жұмысына оң баға берді. Ол қаржы секторының дамуына маңызды үлес қосты. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер