«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Коллекторлар Ұлттық банкте тіркелуі тиіс

2016 жылғы 28 Желтоқсан
11384 просмотров

Мәжіліс коллекторлық компаниялардың ойын ережесін күшейту туралы заң жобасын мақұлдады

Бір тәулік ішінде – коллектор қарыз алушымен тек бір реттен артық көріспеуі керек, бір күн ішінде тек үш рет қана телефонмен тілдесуге болады, мереке күндері байланысқа шығуға тыйым салынады, ниеті таза емес қарыз алушымен тілдескен әңгімені аудио және бейне құрылғыға жазып алу, барлық файлдарды бір жыл бойы сақтау – осы және өзге де ережелер «Коллекторлық қызмет туралы» заң жобасында қарастырылған. Айта кетерлігі, аталған заң жобасын Парламент Мәжілісі мақұлдады. 

Заң жобасы Қазақстан Республикасының 7 заңы мен 5 кодексіне өзгертулер енгізуді көздейді. Мысалы, Қылмыстық кодекс пен Әкімшілік заңбұзушылықтар туралы кодекс аясында, тіркеусіз коллекторлық қызметті жүзеге асырғандығы, заңмен қорғалатын құпияларды жариялау және оларды заңсыз жинағандығы, қарыз берушілер құқығын бұзғаны және заңсыз іс-әрекетке барғаны үшін, коллекторлық агенттікті заңды жауапкершілікке тарту қарастырылған.

«Коллекторларды тіркеу және оларды Ұлттық банктің бақылап отыруы ерекше  маңызды деп санаймыз. Сәйкесінше, Ұлттық банк, коллекторлық агенттіктердің қарызды қайтарып берушілер тарапынан орын алатын, заңға қайшы әрекеттеріне қатысты арыз-шағымдарын бақылайтын болады. Ол үшін, Ұлттық банкте (ҰБ), шенеуніктердің өтініштеріне жедел түрде жауап бере алатын, қажетті қаржылық және адами ресурстар да жеткілікті», – деді заң жобасын депутаттар назарына ұсынған Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев. Бұдан бөлек, заң жобасында коллекторлық компаниялар құрылымына қатысты талаптар да күшейтілген. Осылайша, таза іскерлік абыройы жоқ, өзі және өзінің бенефициарлық мүлігі туралы ақпарат бермеген тұлғаларды коллекторлық агенттік құрылтайшылары құрамына алуға тыйым салу туралы ұсыныс жасалды. Ал, қарызды алушылар жөнінде, оларға «оқиғадан тыс қалмай», қандай жағдай болса да коллектормен байланысқа шығу қажеттігі туралы айтылды.

Бұл ретте Данияр Ақышев, талаптарды заңды түрде қайта қарау, коллекторлық қызметте монополиялау ісінің орын алуы мүмкін екендігін де жасырмады.

«Заң жобасы қаржылық тұрақтылық жағынан, аталған нарыққа енуге қатысты талаптардың күшейтілуін қарастырмайды. Бізге ең алдымен, коллекторлық компанияларда абырой-атақтарына нұқсан келмеген, құқық қорғау органдары тарапынан ешқандай шағым түспеген, қажетті білімі мен біліктілігі бар тұлғалардың жұмыс жасауы маңызды болып отыр», – деп атап өтті Ұлттық банк төрағасы. Оның айтуынша, «бүгінде бұл қызметпен кімдердің айналысып отырғандығы туралы ақпарат пен есеп жоқ, себебі аталған қызмет ешбір орган тарапынан бақыланбайды екен». 

Ұлттық банктің мәліметіне сүйенсек, бүгінде, банктермен жасасқан келісімшарт негізінде, 60 компаниядан қарыздар қайтарып алынуда екен. Аталған компаниялар, банктерге қарызы бар 928 мың адамды өз құзыретіне алған көрінеді. Осыған орай, Данияр Ақышев банктерге қарызы бар, алайда оларды өтей алмайтын азаматтар саны арта түсуі мүмкін деген пікір айтты. «Бұл ретте, несиесі бар тұрғындар саны көп болғандықтан, қарызды қайтарып алуға қатысты жайттардың реттелмеуі жөніндегі проблеманың ауқымы тек арта түспек», – деп атап өтті ол. 

Заң жобасы екінші мәрте 2017 жылы қайта қаралады деп күтіліп отыр. Осылайша, депуттаттар барлық ережелердің әр бабын егжей-тегжейлі сарапқа салмақ. Жалпы, мәжілісмендер аталған заң жобасын талқылау барысында 300-ге жуық түзетулер енгізген.

Жанар Сердалина


Еншілес ұйымдар

Серіктестер