«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кооперативтерге кіру несімен пайдалы?

2016 жылғы 08 Ақпан
- Павлодар облысы
17667 просмотров

Ауылшаруашылық тауар өндірушілері мен банктер филиалдарының өкілдері ауылшаруашылық кооперативтерінің жұмыс механизмін талқылады

ӨКП-ның бастамасымен ұйымдастырылған диалогтық алаң кооперативтердің алдағы қызметі туралы мәселелер әлі күнге дейін шешілмегендігін көрсетті 

Павлодар облыстық Кәсіпкерлер палатасының директоры Райкүл Сатабаеваның айтуынша, бұл мәселелер тез арада шешілуі тиіс.

«Алдымызда егу жұмыстары басталады. Бұл уақыттың тығыз екенін көрсетеді. Барлығын алдын ала ойластырып, шешу маңызды. Кооперативтер құру – әлем мойындаған тәжірибе. Бірігу жетістікке жету мүмкіндігін арттырады. Бүгінгі күні шешімін таппай отырған мәселелер аз емес. Сондықтан да осы диалогтық алаң ұйыдастырылып отыр»,– деді Сатабаева.

Ең алдымен қаржыландыруға қатысты мәселе шешілмеген. Павлодар облысы бойынша «Қазақстан фермерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестік төрағасы Ерлан Тоқтұшақов өңірдің үздік ауылшаруашылық тауар өндірушілері бірлестігі болып саналатын кооперативтің жұмыс істеуге дайын екендігін мәлімдеді. «Ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің кооперативке бірігуі шығын көлемін үш еседен он есеге дейін қысқартады», – деді Тоқтұшақов.

Банктер өкілдері де өз кезегінде бірлесе жұмыс жасауға әзір екендіктерін жеткізді. Алайда олар өздігінен өңірлік деңгейдегі шешімдерді қабылдай алмайтынын айтты. Банкирлердің айтуынша барлық қауіп-қатер ескеріліп, шығындардан сақтау кепілдігі болуы керек.

Оларға 50 фермердің басын біріктірген ауылшаруашылық кооперация мүшелері ортақ жауапкершілік жүгін көтеретіні айында айтылды.  

«Кооперация барлық қатысушылар үшін қауіп-қатер деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді. Әлемдік нарық деңгейінде көптеген мысалдар бар. Банктерге кооперативтермен бірлесе жұмыс жасау аса тиімді, себебі бір фермер өз міндеттемесін орындай алмаған жағдайда ол міндеттеме кооперативтің өзге мүшелеріне өтеді», – деп түсіндірді сарапшылар.

Қатысушылар проблемалық мәселелерді барлық тараптардың мүддесін көрсете отырып, орталық құзіретті органдарға жүгіну арқылы шешпекке келісті. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер