«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Бастау» жобасы ауыл тұрғынының мақсатын түбегейлі өзгертті

29 Сәуір 2019 - Павлодар облысы
314 просмотров

«Өмір бойы оқып өт». Осы ақиқат жылдармен сыналған. Бұд қағиданы Аққулы ауданының тұрғыны ұстанып, мамандығын түбегейлі өзгерткен

Болат Жүнісов – кәсіпкерлікті енді қолға алған азамат. 2018 жылы ол күзет қызметін тастап, өзінің байырғы арманы – шаштараз салонын ашуға бел буды. Болат Жүнісовты осы саладағы бәсеке де тоқтатқан жоқ.

Көмек алу үшін Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалына жүгінген ол, өзінің бизнес-идеясымен бөлісті.

 «Шаштараз ашқым келеді. Бәсекелік үлкен екенін білемін, бірақ мен барлық сұлулық салондары арасынан суырылып, озық болуды көздеп отырмын», – деп сендірді кәсіпкер, осы салада қандай қадамдар жасаған дұрыс, қандай артықшылығы бары туралы айтты.

 Аққулы ауданы бойынша кәсіпкерлер палатасының филиалы өз тарапынан аталған идеяны жүзеге асырылуына жан-жақты қолдау мен сүйемелдеу көрсетті. Ауыл тұрғынында бизнес жүргізуге қажет білім болмады. Сондықтан, бірінші кезекте ол «Бастау» жобасы бойынша оқуға қатысты.

 Палата филиалының директоры Дастан Бейсенбаевтың айтуынша, 2018 жылы Аққулы ауданы бойынша 228 азамат «Бастау» жобасына қатысқан.

Болат Жүнісов шаш қию салонын ашты, онда күніне шамамен 15 клиентке қызмет көрсетіледі. Кәсіпкер жобасының өтімді болатынын дәлелдеп, мүмкін болатын қийындықтарға дайындығын көрсетті.

 «Қазіргі таңда шаштараз қызметі сұраныста. Сән және сұлулық индустриясы даму үстінде, адамдардың басым бөлігі тартымды болғысы келеді. Шаштараздар ішінде үлкен бәсекелік бар. Табысты болу үшін біліктілігімді жетілдіріп, тенденцияларды бақылап, шаштараз өнерін жетілдіре бермекпін», – деді Болат Жүнісов.

default.labels.news.telegram

Пікір қалдыру:

Пікірлер:

Серіктестер