«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«ALTYN OIMAQ» қатысушылары: Ольга Целлер және «TulOla» бренді

2019 жылғы 02 Сәуір
- Қарағанды облысы
5047 просмотров

Қарағандылық шебер Киім дизайнерлерінің ұлттық байқауында өзнінің  «COAL» бірегей топтамасын таныстырмақ

Қарағандылық рух пен ерекшелік сіңген топтамада Ольга металл, гүлдер, жартылай асыл тастарды кәдімгі қарағандылық көмірмен үйлестірген. Бірегей жоба қарапайым хоббиден басталған.

 «Мамандығым экономист. Төрт жыл бойы әшекейлер дизайнымен айналысамын. Бәрі хоббиден басталды. Өзіме және құрбыларыма арнап әшекей жасадым. Кейін әшекейлерді шайырды қолданып, табиғи гүлдерден әзірлеуді меңгердім. Ермек үлкен іске ұласты. Қазір топтаманы әзірлеу үстіндемін, жеке стилімді қалыптастырғым келеді», – дейді Ольга Целлер.

Әшекейлер (жүзіктер, білезіктер, алқалар мен сырғалар) үшін Ольга сүлік қара кесекті іріктеп алады, оны қажетті мөлшерде ұсақ тастарға бөлшектейді. Көмір үгітіліп кетпесі үшін Ольга өңдеудің өзіндік технологиясын ойлап тапты. Өңдеу бір апта уақытты алады.

«Меніңше, бұл идея. Идея және отансүйгіштік, бұл Қарағанды, рух, ерекшелікті білдіретін сезімдер. «Қарағанды» деп естігінде, ойға бірінші көмір келеді. Осындай жергілікті құндылықты мен әшекей түрінде ұсынамын. Біз қала күнінен гөрі, Шахтер күнін ерекше тойлаймыз. Көмір жасанды тастан гөрі екі есе жеңіл. Бірақ бұл өте нәзік субстанция, әлсіз соққының өзінде, тіпті қолмен бассаң, үгітіліп қалады. Әзірлемелерге 7-10 күн жұмсаймын», – деді «TulOla» брендінің авторы Ольга Целлер.

Өзінің ерекше топтамасын Ольга жуырда Қарағандыда «Үздік дизайнер» ашық қалалық байқауында таныстырды. Байқау «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде ұйымдастырылды. Қатты отынмен көмкерілген зергерлік бұйымдар байқаудың бас жүлдесін және «Әшекей дизайны» аталамында бірінші орынды жеңді. Енді Ольга Целлердің көмірден дайындалған әшекейлері Мәскеуде өтетін байқауда таныстырылады. Ольгада жаңа мақсат бар – «ALTYN OIMAQ» киім дизайнерлерінің ұлттық байқауына қатысу.

 «ALTYN OIMAQ» байқауына міндетті түрде қатысамын. Бұл республика деңгейінде өзің жайлы айтып, шығармашылығыңды көрсетудің бірегей мүмкіндігі. Әшекейлеріміз таныла бастады, сондықтан әшекейлер, туған қалам қарағанды туралы, Қазақстанның шахтерлар астанасы және дизайнерлеріміз туралы көп адам білгенін қалаймын. Шығармашылықпен көп айналысып, байқауға дайындық жасауға үлкен құлшынысымыз бар», – деп қорытындылады Ольга Целлер.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер