«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Шымкентте «Қарапайым заттар экономикасы» жобалық алқасы іске қосылды

2019 жылғы 19 Наурыз
- Шымкент қаласы
8105 просмотров

Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасы жанынан ашылған Жобалық алқа құрамына Шымкент қаласы әкімдігі, «Даму» қоры, «ҚазАгро» холдингі, сонымен қатар екінші деңгейлі банктердің өкілдері енді

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінде өткен брифинг барысында айтылды. Брифинг жұмысына «Атамекен» Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры, Кәсіпкерлік және Шымкенттің индустриялық дамуы басқармасының жетекшісі, сонымен қатар «Даму» қоры, Агронесилеу копрорациясы және екінші деңгейлі банктердің жергілікті филиалдарының басшылығы қатысты.

 Алқа кәсіпкерлік қоғамдастықты қарапайым заттар экономикасының дамуына мақсатты жұмылдыратын болады, жеңілдікпен несиелеу бағдарламасына қатысу шарттарын түсіндіріп, өз жобаларын жүзеге асыру процесінде кәсіпкерлер тап болған мәселелерді шешуге атсалысады.

 «Мақсатымыз – әкімдіктер, «Даму» қоры және Агронесиелеу корпорациямен бірге кәсіпкерлердің жобаларына бизнес-жоспарды құрудан бастап, қаржыландыруға дейінгі кезеңде сүйемелдеу көрсету, жобалардың жүзеге асырылуына мониторинг жүргізіп, оларға «қол режимінде» қажетті қолдау көрсету», – деді Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Қәбіштаев.  

  Естеріңізге салсақ, Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қазақстан Үкіметі қарапайым заттар экономикасын қаржыландыруға 600 млрд теңге бөлді. Жеңілдетілген несиелер жеңіл өнеркәсібі саласында өндіру, сонымен қатар жиһаз, құрылыс материалдары мен АӨК өнімдерін шығару саласындағы жобаларға беріледі.

Несиелеу шарттары бойынша қарыз беру мерзімі 7 жылды, соңғы қарыз алушылар үшін аталуы сыйақы мөлшері – «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында мөлшерлемені субсидиялау есебінен 8%-ды құрайды.

 Бағдарлама шеңберінде дайын өнім өндірісі ғана емес, сонымен қатар бастапқы өңдеуге қажет шикізат пен өнімдердің өндірісіне, ары қарай өткізуге қолдау көрсетіледі.

 Мұндай кешенді шаралар жаңа өндірістерді құруға, сонымен қатар жұмыс істеп тұрған өндірістерді қосымша жүктеу және модернизациялауға мүмкіндік береді.

 Қазіргі таңда Бағдарламаға екінші деңгейлі 9 банк қосылды. Қаржыландыруды алу үшін кәсіпкер Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының Жобалық алқасына өтінім жасауы керек. Мамандар жобаны сүйемелдеу бойынша қолдау көрсетеді. Жобалық алқа Шымкент қаласы, Қонаев көшесі 83/1 менежайында орналасқан.

 Байланыс телефоны: 8(7252)39-49-90. Электронды мекенжай: shymkent@atameken.kz

 Жалпы Бағдарлама 2025 жылға қарай тауарлардың 365 түрі бойынша өндірісті 2,4 есе ұлғайтып, импорттың үлесін 37%-ға қысқартуға жол ашады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер