Павлодарда жиһаз жасайтын кәсіпорын сапа байқауына қатысады
2016 жылы «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауында жеңімпаз атанған «Город мастеров» фирмасы биыл тағы да бақ сынамақ
«Қазақстанның үздік тауары» көрме байқауына жыл сайын өңірдегі тауар өндірушілер қатысады. Биылғы байқауға 50 өндіруші өтінім берді.
Солардың бірі – жұмсақ және корпустық жиһаз шығаратын «Город мастеров» фирмасы. 2016 жылы «Халыққа арналған үздік тауарлар» аталымында ІІІ дәрежелі лауреат атанған.
Фирма 2001 жылдан бастап жұмыс істейді. Бүгінде кәсіпорын 3 мың ш.м. асатын аумақта өндірістік базаны иеленеді, сондай-ақ бүкіл елде ауқымды дилерлік желісі бар.
Кәсіпорын басшысы Виталий Битнердің айтуынаша, жетістіктің негізі сенімділік, сапа, міндеттеменің орындалуы, ауқымды іскерлік байланыс, сенімді серіктестік беделінің теңгерімінен қалыптасады.
«Біз сапа мен баға саясатының үйлесіміне басымдық береміз. Әрбір бұйым бірегей дизайнмен жасалы, сапалы әрі берік. Әрбір өнім сертификатталған, экологиялық талапқа сай, сондай-ақ кепілдік беріледі. Жұмыста отандық және шетелдік өндірушілердің нарықта сұранысы жоғары материалдарын қолданамыз. Уақыт көшіне ілесіп дамып келеміз. Жыл сайын жаңа үлгілерді дайындап, өндіріс пен қызметтің жаңа бағытын дамытуды қолға алдық», – дейді Виталий Битнер.
Кәсіпорын басшысы 70-ке жуық адам жұмыспен қамтылғанын айтты. Олардың көбі ұзақ жылдар бойы еңбек етіп келеді. Қызметкерлермен ұзақ мерзімді қарым-қатынас орнату жүйесіне ерекше мән берілген. Фирма менеджментін қалыптастыруда шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасу ерекше рөл атқарған. 2016 жылы Виталий Битнер «Іскерлік байланыс» құралының қатысушысы атанып, Германияда бизнес-тағылымнамадан өткен.
«Шетелдік өндірушілермен қарым-қатынас орнату тәжірибе алмасу жағынан өте пайдалы болды. Бұған дейін сапа байқауына қатыстық. Өңірде кәсіпорынның сапасы мен бәсекелік қабілетін арттыруда маңызды құрал болғанына сенімдімін. Бұл өнімді танытып, бизнесте жаңа серіктестік орнатудың тамаша мүмкіндігі», – дейді Виталий Битнер.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: