«Бастау Бизнес»: ауыл тұрғыны балаларға робот техникасын үйретуге ниетті
Павлодар ауданы Розовка ауылының тұрғыны Денис Ильков келешек робот техникасында екеніне сенімді
Белсенді жас маман – «Бастау Бизнес» бағдарламасының қатысушысы. Бұл жобаға робот техникасына арналған клуб ашу идеясын жүзеге асыру мақсатында келген. Бүгінде бизнес-жоспар дайыныдап, жеңілдікпен қаржыландыру алуға ынталы.
Денис Ильков инженер-электрші мамандығын оқыған, сонымен қатар физика мен информатика пәннінің мұғалімі. Еңбек жолын кезекші электромонтер ретінде бастап, тоғыз жылдан бері мектепте физика-информатика пәндерінен мұғалім болып жүр.
Өз бизнесін ашу туралы ойға «Назарбаев зияткерлік мектебінен» робот техникасы бойынша арнайы курстан өткеннен кейін келген.
Жас маман осы бағыттың келешегі зор деп санайды, себебі технология дамыған ғасырда басымдыққа ие болып тұрған да дәл осы сала.
«Біздің президентіміз биылғы жолдауында еңбек өнімділігін арттыруға аса зор мән берді. Соның негізі ретінде төртінші жаһандану элементтерін енгізуге тоқталды, бұл автоматтандыру, роботтандыру мен жасанды интеллект, «ауқымды мәліметтер алмасу. Сондықтан осы бағытта бизнес ашуды жөн санадым», – дейді жас кәсіпкер.
Денис Ильковтың айтуынша бүгінде қалалық жерде жаңа технологияны үйрететін арнайы үйірмелер ашылып жатыр, бірақ ауыл балаларының барлығында бірдей қатынап білім алуға мүмкіндіктері жоқ. Ал Денис мобильді бизнес ашқысы келеді. Үйірмені белгілі бір уақыт аралығында аудандағы әр ауылдарда өткізуді жоспарлап отыр. Көп балалы отбасылар мен әлеуметтік жағдайы төмен балалар үшін де үйірмеге қатысуды ыңғайластырмақ ойда.
Бастамашыл маманның айтуынша, робот техникасымен айналысудың пайдасы зор, себебі 5-18 жас аралығындағы балалардың құрастыруға икемі жоғары, қолдарының машықтандырып, ойлау жүйелерін арттырады. Бұл үйірме математика, информатика, физика мен нақты ғылымдар салысындағы білім арттыруға септігі жоғары.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: