«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Сүт қабылдайтын бөлім ашу қанша тұрады?

2017 жылғы 08 Тамыз
- Павлодар облысы

Бизнес-жобаларды қорғаудың 3-легі сәтті аяқталды   

Павлодар облысының бизнес-тренері Анар Мұхаметқалиева жобалар ішінде  мал  шаруашылығы тақырыбы басым екенін хабарлады.  

Бағдарламаға қатысушы Шакира Фатуллаева 3 млн теңгеге тең 20 бұқа сатып алу жобасын қорғады.  Іскер келіншек отбасымен былтыр «Нәтижелі жұмыспен қамту» бағдарламасының 1 бағыты бойынша Жамбыл облысынан  Павлодар облысы Қашыр ауданына қоныс аударған. «Бастау Бизнес» бағдарламасының тағы бір түлегі Руслан Әбелдинов та ауылға көшіп келгеніне 1 жыл толған. Мал шаруашылығымен айналысуға құштар кәсіпкер 13 бас ірі қара сатып алу үшін 1 950 000 теңге көлемінде қаржыны қорғаған.

Сонымен қатар ауыл тұрғындары Байқоныс ауданында сүт қабылдайтын бөлім ашу бойынша жобаны таныстырды. Егер жоба іске асса, жиналған сүт Павлодар қаласындағы сүт зауытына жіберілетін болады. Жоба иесі Дулат Нұрғазинов, идеяны іске асыру үшін 1,5 млн теңге қажет дейді.

Тереңкөл ауылының тұрғыны  Юрий Туравинин комиссия мүшелеріне жабық жерде қияр мен қызанақ өсіруде тәжірибесі барын айтты.

«Зерттеп қарасам, аудан орталығында, тіпті бүкіл аудан бойынша көкөністі қысы-жазы өсіретін жылыжайлар жоқ екен. Сондықтан «Бастау Бизнес» жобасы жайында ести сала идеяны жүзеге асыру үшін курстан өтуге бел будым, қаржыландыруға да құжат тапсырып қойдым», – деді кәсіпкер.

Үңгір іспетті жылыжай ашу үшін Юрий Туравнинге 3 млн теңге қаржы керек. Кәсіпкерде жобаға қажетті жер учаскісі, бай тәжірибесі мен біраз қаржысы бар. Бастысы идеяны асыруға қажетті жігері бар.

Березовка ауылының тұрғыны Ертарғын Орумбаев қол майын және басқа да сүт өнімдері: ірімшік, қаймақ, құрт жасау бойынша жобаны комиссияға таныстырды. Қазіргі таңда кәсіпкер айына 150 келі май жасайды екен. Өндірісті ұлғайту үшін кәсіпкерге ірі қара басын көбейту керек, осы мақсатта ол 10 сауын сиыр мен 5 бұқа сатып алмақ.

 Кәсіпкерлерге қаржылай емес қолдау көрсету бөлімінің бастығы Әнел Жампеиісова «Бастау Бизнес» жобасының 3-легінде 132 адам оқудан өтіп, 41 адам бизнес-жобаларын сәтті қорғағаны туралы хабарлады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер