«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының жанынан экологиялық кеңес құрылмақшы

2014 жылғы 29 Тамыз
- Павлодар облысы
11207 просмотров

 

 

 

Павлодар өңірінде экология мәселелеріне көп көңіл бөлінеді. Оларды шешу үшін Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасында Экологиялық кеңес құрылып, оған бизнстің, мемлекеттік органдардың және қоғамның өкілдері кіретін болады.

Кеңес құру туралы шешім ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаевтың Павлодар облысына жасаған сапарының аясында, оның қатысуымен өткен ірі табиғат пайдаланушыларымен өткен арнайы жиналыс барысында қабылданған болатын.

ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары атап өткендей, Елбасының алға қойған басымдылықты міндеттерінің бірі экология мәселелерін шешу болып табылады.

«Қоршаған ортаның ластануы, халықтың денсаулығы – жедел шара қолдануды талап ететін мәселелер. Бұл салалар бүкіл қоғамды алаңдатуда. Оларды шешу үшін арнайы бағдарлама дайындап, негізгі аспектілердің барлығын қарастыру қажет және барлық тараптардың мүддесін ескеру қажет», - деп баса айтты Нұржан Әлтаев.

Сонымен қатар, экологиялық жағдайды жақсарту бойынша өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарынан ұсыныстар жинау үшін облыстық Палатада арнайы жұмыс тобын құру шешілді.

Кәсіпорын өкілдері айтылған бастаманы қолдап, бірлескен және тиімді жұмысқа даярлықтарын білдірді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер