«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ұлттық палата жүйесі кәсіпкерлердің өз Үйіне айналуға тиіс

2014 жылғы 20 Маусым
- Павлодар облысы
11626 просмотров

Өңірге жұмыс сапары аясында ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаевтың төрағалығымен өткен кеңесте облыстық Кәсіпкерлер палатасының директоры Райхангүл Сатабаева Палата қызметінің негізгі бағыттары аясындағы жұмысының нәтижелерін жеткізді. Өңірлік палатаның басшысы өз баяндамасында өңірдегі ШОБ дамуының негізгі проблемалары ірі компаниялардың экономикалық секторларындағы басымдылықтарының жоғарғы деңгейі мен өндірісті дамыту үшін жайластырылған аумақтың жетіспеушілігі болып табылатындығын айтып кетті.

Тимур Құлыбаевтың айтуынша, өткізілген жұмыста билікпен сындарлы сұхбаттың маңызды жоғары.

«Билікпен сындарлы сұхбат - бұл біздің қазіргі жетіп отырған кезеңіміз. Ендігі жерде мемлекеттік органдармен бірлесіп жергілікті өндірушіні қолдаудың жаңа механизмдерін табу қажет, кәсіпкерлердің бизнесті қолдау бағдарламалары жайлы ақпараттануын көтеру қажет, еңбек ресурстарымызды дайындап, олардың біліктілігін көтеруіміз қажет. Біз бәсекеге қабілетті жобаларды құрып, ішкі нарыққа да, дәл солайша, сыртқы нарыққа да өнімді жеткізуге тиіспіз», - деді Тимур Құлыбаев.

Жиналыста бизнесті дамыту жағдайларын жетілдіру үшін облыстық палатаның бірқатар жобаларды жүзеге асыруды қолға алғаны аталып өтті. Олардың арасында мал шаруашылығы саласындағы ұсақ ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілер мен өнімін алыпсатарларсыз тікелей өткізу кооперациясын ынталандыруға бағытталған жоба да бар.

Сонымен қатар, Ұлттық палатаның Басшысы Павлодарда әрекет ететін Кәсіпкерлер үйінің де жұмысын атап өтті. Онда шыққан жері туралы сертификаттар, отандық жұмыс пен қызметті жеткізушіге жататындығы туралы куәліктер береді, тауарларға тәуелсіз сараптама жүргізіледі, форс-мажорлық мән-жайларды растайды. Жақында бұл жерде Кәсіпкерлік мектебі ашылады, халықаралық коммерциялық төрелік және аралық сот жұмыс жасай бастайды, қоғамдық тыңдаулар өткізілетін болады.

Төралқа Төрағасы жалпы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жүйесінің ел бизнесмендері үшін Кәсіпкерлер үйіне айналуға тиіс екендігін айтып өтті.

«Кәсіпкерлер палатасы тарапынан қолдауды кәсіпкерлер шынымен де сезінуге тиіс. Олардың Палатаны үйім деп түсінуі маңызды және де әрбір қала, әрбір ауданда осылай болуға тиіс», - деп баса айтты Тимур Құлыбаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер