«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасының Төрағасы Тимур Құлыбаев жұмыс сапарымен Павлодар облысына ат басын тіреді

2014 жылғы 20 Маусым
- Павлодар облысы
11096 просмотров

ҚР ҰКП Төралқасының Төрағасы Тимур Құлыбаевтың Павлодар облысына жұмыс сапары екі өндіріс нысанына барудан басталды: «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС, «Нефтехим LTD Компаниясы» ЖШС. Осыдан соң ҰКП Төралқасының басшысы «УПНК-ПВ» ЖШС мұнай коксын қыздыру зауытының құрылысымен, «Павлодар» АЭА пилоттық жобаларын және «Күкірт қышқылды зауыт құрылысы» жобасын жүзеге асыру барысымен танысады.

Осыдан соң Өңірлік кеңес, Кәсіпкерлер палатасы мүшелерімен және облыс әкімі Қанат Бозымбаевпен жұмыс жиналысы өтеді.  

Кездесу барысында кәсіпкерліктің өзекті мәселелерін және өңірдегі бизнес ахуалды жақсарту перспективаларын талқылау жоспарланған. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер