Мемлекеттік сатып алуларға қатысу үшін қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне «белгілену» қажет
Батыс Қазақстан облысының Индустриялық сертификаттары бар компанияларының басшылары мен өкілдері «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы алаңында өткен Қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық кеңеске қатысты.
Естеріңізге сала кетейік, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда жаңа цифрлық жүйе - Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі әзірлеген Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімі іске қосылады.
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР тауар өндірушілерінің тізілімі ТКТП e-ondiris.gov.kz порталында мемлекеттік сатып алу конкурстарына қатысу үшін міндетті құралға айналады.
Осы сандық жүйенің іске қосылуымен бұрынғы Индустриялық және СТ-KZ сертификаттарының күші жойылатынын білу маңызды.
Өзінің кіріспе сөзінде ведомство өкілі цифрлық ҚР тауар өндірушілерінің тізілімі (ҚТӨР) компаниялардың осы сертификатты алуына байланысты қаржылық шығындарды азайту мақсатында әзірленгенін атап өтті. Бүгінде бұл тізілімге Индустриялық сертификат иелері толық енгізілген. Сонымен қатар, тауар өндірушілер өз деректерін цифрлық жүйеге енгізіп, автоматтандыруы қажет. Осы үдерістің сәтті өтуі үшін аталған бейнеконференцбайланыс ұйымдастырылып, оның барысында кәсіпкерлер өз сұрақтарына жауап алды.
.jpg)
«Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімі келесі жылдың 30 қаңтарына қарай құрылуға тиіс. Алайда, оны жетілдіру бойынша жұмыс жалғасады және «Атамекен» өңірлік палаталары арқылы бизнес-қоғамдастықтың қатысуымен Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп жүргізілетін болады», - деп хабарлады Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің өкілі.
Сондай-ақ, ол кәсіпкерлерді қазақстандық тауар өндірушілер тізілімін пысықтау бойынша өз ұсыныстарын жіберуге шақырды.
Қосымша ақпаратпен «Атамекен» ҰКП Тауарлардың шығу тегін сертификаттау департаментінің директоры Айнұр Күзембаева сөз сөйледі.
Ол атап өткендей, сандық жүйені әзірлеуші ведомство Индустриялық сертификаттың иелері туралы деректермен Кәсіпкерлердің ұлттық палатасын қамтамасыз етті, бірақ өз мәртебесін сақтау үшін отандық тауар өндірушілер компания туралы мәліметтерді толтыру үшін өтінім беруге тиіс.
«Қалған өндірушілерге келетін болсақ (СТ-KZ сертификаты барлар немесе бұрын тауардың шығу тегі туралы сертификат алмағандар), олар өздерінің кәсіпорындарын Қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізуге өтінім беруге құқылы», - деп түсіндірді А.Күзембаева.
Отандық тауар өндірушілер Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің өкілдеріне ҚТӨР-ге қосылуға өтінім беру бойынша сұрақтар қойды.
Атап айтқанда, тек БҚО атынан 4 субъект - «Баталасу» ЖШС, «Кублей», «KazPolimerPlast», «КПО б.в».



e-ondiris.gov.kz порталындағы техникалық іркілістерге байланысты мәселелерге қатысты Айнұр Күзембаева бизнес өкілдерінен «Атамекен» өңірлік палаталары арқылы ҰКП тауарлардың шығу тегі бойынша сертификаттау департаментіне жүгінуді сұрады.
БКК аяқталғаннан кейін БҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Мақсат Құланбаев Өңірлік кәсіпкерлер палатасының сертификаттау бөліміне 2026 жылғы қаңтардың бірінші онкүндігі аяқталғанға дейін өңірден қазақстандық тауар өндірушілер тізілімін қалыптастыру бойынша ескертулер мен ұсыныстар тізбесін қалыптастыруды тапсырды.
.jpg)


Пікір қалдыру:
Пікірлер: