«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Түркістанда Білім беруді және медицинаны дамыту жөнінде салалық кеңес өтті.

2025 жылғы 01 Желтоқсан
- Түркістан облысы
105 просмотров

2025 жылғы 5 желтоқсанда Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасында Білім беруді және медицинаны дамыту салалық кәсіпкерлер кеңесі өтті.

Іс-шараның негізгі тақырыбы – 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін Жаңа Салық кодексіндегі өзгерістерді талқылау.
Кездесу барысында Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментініңМемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы - Шырынбекова Сәуле Әбдәшімқызы, Өндірістік емес төлемдер басқармасының Арнаулы салықтарды әкімшілендіру бөлімінің басшысы - Құлназаров Рустам Әлиханұлы мектепке дейінгі білім беру ұйымдары үшін енгізілетін өзгерістер, әсіресе арнаулы салық режимдері туралы жан-жақты түсіндірме береді.
Сонымен қатар  ЗУМ арқылы  өңірдегі балабақша құрылтайшылары, білім және медицина саласының кәсіпкерлері қатысып, жаңа нормаларды талқылап, өзекті сұрақтарына жауап алу мүмкіндігіне ие болды.

Кездесу нәтижесінде кәсіпкерлер үшін маңызды ұсыныстар мен түсіндірмелер беріліп, Салық кодексіндегі өзгерістерді тиімді енгізу бойынша нақты бағыттар айтылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174