«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша өтінімдер қабылдау қайта басталды: бизнеске жауапкершілікпен және есеппен қарау маңызды

2025 жылғы 11 Қараша
- Шығыс Қазақстан облысы
482 просмотров

Шығыс Қазақстан облысында «Ауыл аманаты» мемлекеттік бағдарламасы аясында микрокредит алуға өтінімдер қабылдау қайта басталды. Бағдарлама ауыл кәсіпкерлігін дамытуға, ауыл халқының табысын арттыруға және ауылдағы кооперацияны қолдауға бағытталған.

2023–2025 жылдары өңірде жалпы құны 4 035,1 млн теңгені құрайтын 400 жоба қаржыландырылды, 597 жұмыс орны ашылды. Тек 2025 жылдың өзінде 1,5 млрд теңгеге 115 жаңа жоба мақұлданып, оның 38-і ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері (ӨК) арқылы іске асырылуда. Кәсіпкерлердің ең жоғары қызығушылығы туризмге (54%), ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеуге (12,4%) және ауылшаруашылығы саласына жатпайтын бизнеске (18%) тиесілі.

Жауапкершілік пен теңгерімді шешім – табыстың кілті

ВКО Кәсіпкерлер палатасы еске салады: «Ауыл аманаты» – бұл грант немесе қайтарымсыз көмек емес, міндетті түрде қайтарылатын және нысаналы пайдалану талап етілетін жеңілдетілген микрокредит. Сондықтан әрбір өтінім беруші өтінім жасамас бұрын өз мүмкіндігін, бизнес-идеясын және тәуекелдерін жан-жақты бағалауы қажет.

Кредит алар алдында ұсынылады:

• жобаның бизнес-жоспарын және өтелу мерзімінің есебін мұқият әзірлеу;

• өнімді немесе қызметті өткізудің әлеуетті нарықтарын алдын ала айқындау;

• кепіл мүлкі мен қаржылық міндеттемелер талаптарын бағалау;

• құжаттардың толық тізбесімен және бағдарлама шарттарымен танысу.

Микрокредит беру шарттары

• Кредит мерзімі: ауылшаруашылығы саласына жатпайтын жобаларға - 5 жылға дейін; ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобаларына - 7 жылға дейін.

• Сыйақы мөлшерлемесі: жылдық 2,5%-дан аспайды.

• Максималды сома: 2 500 АЕК-ке дейін (қайта өңдеу және кооперативтер үшін – 8 000 АЕК-ке дейін).

• Негізгі қарызды өтеу бойынша жеңілдікті кезең: 12 айға дейін.

• Кепіл мүлкі қажет.

• Қарыз алушының жасы: кредит мерзімі аяқталған сәтте 21–63 жас.

• Қаражат тек қолма-қол ақшасыз пайдаланылады.

• Қаражаттың нысаналы пайдаланылуы микрокредит алғаннан кейін 90 күн ішінде (ұзақмерзімді жобалар үшін – 12 айға дейін) құжатпен расталуы тиіс.

Микрокредиттер мал шаруашылығын, егін шаруашылығын, құс шаруашылығын, қайта өңдеуді, туризмді дамытуға, сондай-ақ жаңа ауылшаруашылық техникасы мен жабдық сатып алуға беріледі.

Қаржыланбайды: көтерме немесе бөлшек сауда, жеңіл автокөлік сатып алу, жалға беруге арналған тұрғын үй салу, сондай-ақ жақын туыстардан мал сатып алу.

Өтінімдерді қарау рәсімі – ашық және жедел

Өтінім беру және қарау рәсімі толық автоматтандырылған. Құжаттар ақпараттық жүйе арқылы электронды түрде қабылданады.

• Құжаттардың толықтығын тексеру – 3 жұмыс күніне дейін.

• Құжаттар талаптарға сәйкес болған жағдайда жоба 15 күн ішінде Қарыз комитетінде қаралады.

• Мақұлданғаннан кейін 15 жұмыс күні ішінде қарыз және кепіл шарттары жасалып, қаражат қарыз алушыға аударылады.

Бекітілген тізбеге кірмейтін құжаттарды талап етуге тыйым салынған, бұл қатысудың ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

Бағдарламаның қатысушылары

Бағдарламаға қатыса алады:

• жұмыссыз азаматтар;

• кәсіпкерлік қызметін тіркеусіз жүзеге асырып жүрген тұлғалар;

• жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары;

• ауыл шаруашылығы кооперативтері және олардың мүшелері.

Жоба жүзеге асырылатын елді мекенде жеке тұлғаның кемінде 12 ай тұрақты тіркеуі болуы міндетті.

Есте сақтаңыз

Бағдарлама ауылда өз ісін дамыту үшін зор мүмкіндік береді. Алайда табысты бизнес жауапкершілікті, тәртіпті және кәсіби көзқарасты талап етеді. Микрокредит қаражаты тек нысаналы мақсатта пайдаланылуы тиіс. Қайтару шарттарын бұзу немесе қаражатты мақсатсыз пайдалану әкімшілік және қаржылық жауапкершілікке әкелуі мүмкін.

Өтінім бермес бұрын ұсынылады:

• аудандағы бағдарламаның өкілдерінен кеңес алу;

• қарыз алушыларға қойылатын талаптармен және ережелермен танысу;

• нақты әрі шынайы бизнес-жоспар дайындау.

«Ауыл аманаты» – ауыл тұрғындарына өз ісін дамытуға арналған нақты қолдау құралы. Бірақ табыс әр қатысушының еңбегіне, жоспарлауына және алған міндеттемелерге жауапкершілікпен қарауына байланысты.

Қосымша ақпарат және толық консультация алу үшін:

МҚҰ «Oskemen Атамекен» мекенжайы: Өскемен қ., Әуезов даңғылы, 26/1.

Байланыс телефондары:

• Алтай, Глубокое, Шемонаиха, Самар, Ұлан аудандары – Әлиев Бахруз Сархат ұлы, тел.: 8 (771) 538 28 28

• Зайсан, Марқакөл, Тарбағатай аудандары – Садыкова Сәуле Қайрбекқызы, тел.: 8 (776) 055 94 81

• Катонқарағай, Күршім аудандары, Үлкен Нарын – Хасенова Бақытгүл Бақытжанқызы, тел.: 8 (777) 765 12 74


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174