«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіпкерлермен кездесу: мемлекеттік қолдау шаралары және бизнесті дамыту мүмкіндіктері

2025 жылғы 30 Қазан
- Ұлытау облысы
205 просмотров

 

Ұлытау облысы кәсіпкерлер палатасының шағын кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің басшысы Шолпан Қасымова кәсіпкерлермен кездесу өткізді. Кездесу барысында ол кәсіпкерлерге арналған қолданыстағы мемлекеттік қолдау шаралары, қолжетімді гранттар, субсидиялар және қаржы институттары ұсынатын мүмкіндіктер туралы баяндады.

Өз сөзінде Шолпан Идрисқызы шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған бағдарламаларға егжей-тегжейлі тоқталды. Ол мемлекет бизнесті қолдауды белсенді түрде жалғастырып келе жатқанын, атап айтқанда, гранттар беру, жеңілдетілген қаржыландыру, несие пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау, сондай-ақ бастауыш және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлерге несие кепілдіктерін ұсыну сияқты тетіктер арқылы жүзеге асырып жатқанын атап өтті.

Кездесуде ерекше назар қаржылай емес қолдау шараларына аударылды. Мұндай қолдауларды Ұлытау облысының кәсіпкерлер палатасы көрсетеді. Олардың қатарында — кеңес беру және әдістемелік көмек, кәсіпкерлерді оқыту, жобаларды сүйемелдеу, серіктестер іздеуге және өнімді ілгерілетуге жәрдемдесу сияқты бағыттар бар.

Кездесу барысында кәсіпкерлер грант алу тәртібі, субсидиялау бағдарламаларына қатысу шарттары және қаржы институттарымен өзара іс-қимыл жасау мүмкіндіктері жөнінде өздерін қызықтырған сұрақтарды қойды. Сонымен қатар қатысушылар өңірде бизнес жүргізу, кәсіпкерлер кездесетін кедергілер және оларды еңсеру жолдары туралы пікір алмасты.

Кездесу қорытындысында Шолпан Қасымова бизнес өкілдері мен мемлекеттік құрылымдар арасындағы ашық диалогтың маңыздылығын атап өтіп, мұндай кездесулер кәсіпкерлердің мемлекеттік қолдау тетіктері туралы хабардарлығын арттырып, Ұлытау облысында шағын және орта бизнесті дамытуға тиімді шешімдер табуға ықпал ететінін жеткізді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174