Даму үшін ынтымақтастық
Диалогты жалғастыра отырып, жұмыс тобының құрамындағы «Qazindustry» АҚ, «Қазақмыс» ЖШС, «Qarmet», ERG өкілдері жергілікті тауар өндірушілердің бірқатар нысандарына барып, олардың жұмысымен танысты және нақты ынтымақтастық пен жергілікті өндірушілерді қолдау механизмдерін әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізді.
"Ютария" ЖШС
«ПИК ЮТАРИЯ LTD» ЖШС – 2002 жылдан бері алдыңғы қатарлы технологияларды пайдалана отырып, киім, үйге арналған текстиль, өнеркәсіптік секторға арналған қорғаныс құралдары мен әскери киім өндіру бойынша Қазақстан нарығының көшбасшысы.
Кәсіпорынның басшысы Турсынай Ибадатова заманауи пішу жабдықтарының жаңа желісін таныстырып, осылайша жасанды интеллект жергілікті өндіріс үдерісіне берік енгенін атап өтті.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: