Заңнаманы оңайлату кәсіпкерлерге жобаларды тезірек іске қосуға жол ашады
Жолдауда ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев заңнаманы бизнестің нақты сұраныстарына бейімдеу, нормалардың қажетсіз күрделенуінен бас тарту және мемлекеттік органдардың нәтижелер үшін жауапкершілігін күшейту қажеттігін ерекше атап өтті. Бұл шаралар әсіресе кәсіпкерлік жұмыспен қамту көзі ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі драйвері болып отырған өңірлерге қатысты.
Қазіргі кезде Қазақстанда 21 кодекс және 300-ден астам заң бар. Құжаттарға үнемі, шамадан тыс өзгерістер жасалады. Олардың көбі бір-біріне қайшы, бизнес үшін құқықтық тұрақсыздықты тудырады. Мұндай жағдайда кәсіпкерлер өндірісті дамытуға, өнім экспорттауға және инновацияларды енгізуге бет алудың орнына бюрократиялық кедергілерді еңсеру үшін көп ресурсты жұмсауға мәжбүр.
«Мемлекет басшысының жасанды интеллекті пайдалана отырып, заңнамаға ревизия жүргізу, сондай-ақ Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттік жанынан реттеушілік интеллект орталығын құру тапсырмасы нормаларды оңайлату, олардың ашықтығы және бизнес мүддесіне бағдарлану қағидатты жаңа тәсілді ашады. Бұл шешім болжамды және бәсекеге қабілетті іскерлік ортаны қалыптастырумен тікелей байланысты», - дейді Ақмола облысының кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің төрағасы Валентина Геращенко.
Спикердің айтуынша, Ақмола кәсіпкерлері көбінесе әкімшілік кедергілерге және күрделі келісу рәсімдеріне тап болады, әсіресе жерге орналастыру мәселелерінде, түрлі рұқсат құжаттарын алу керек.
«Өңірлік кәсіпкерлер палатасына өтініштерді талдау жер қатынастары саласындағы проблемалар (33%), сондай-ақ мемлекеттік сатып алу (19%), кеден және салық салу (17%), АӨК, мектепке дейінгі білім беру саласындағы МЖӘ дамыту (14%) мәселелері басым екенін көрсетеді. Бұл тұрғыда Президенттің бастамаларын жүзеге асыру маңызды серпін болады. Заңнаманы жеңілдету шағын және орта бизнеске транзакциялық шығындарды азайта отырып, жобаларды тезірек бастауға мүмкіндік береді. Міндетті талаптар тізілімі кәсіпкерлерді негізсіз тексерулерден қорғайды. Бұл шара әсіресе артық тексерулер маусымдық жұмыстарды тежейтін агробизнес үшін өте маңызды», - деп атап өтті Валентина Геращенко.
Спикердің пікірінше, өңірдегі бизнес-процестерді цифрландыру мемлекеттік қызметтерді алуды жеделдетеді және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады. Ауылдық бастамалар, мысалы, «Бір ауыл — бір өнім», желісі бойынша жобалар белсенді дамып келе жатқан Ақмола облысы үшін бұл нарыққа шығуда анағұрлым ашық жағдай жасайды.
«Облыс экономикасы негізінен аграрлық секторға негізделген жағдайда бюрократиялық кедергілерді азайту және неғұрлым икемді реттеуші ортаны құру кәсіпкерлерге ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді кеңейтуге және жаңа экспорттық нишаларды қалыптастыруға, инвестицияны белсенді тартуға, туризм мен шағын өндірісті қоса алғанда, шикізаттық емес салаларды дамытуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және ауыл халқының өмір сүру деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Осылайша, Президент жолдауында белгіленген шаралар жүйелі сипатқа ие және елдегі іскерлік ахуалды түбегейлі өзгерте алады», - деп санайды кеңес төрағасы.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: