«Бір ауыл – бір өнім» байқау-көрмесінің үш финалисі Павлодар облыстық Кәсіпкерлердің өңірлік палатасында анықталды
2025 жылғы «Бір ауыл – бір өнім» байқау-көрмесінің бренд-комитетінің отырысы Павлодар облысы Кәсіпкерлердің өңірлік палатасында өтті.
Қазақстан кәсіпкерлерінің ұлттық палатасының бренд-комитеті туралы ережесіне сәйкес, комиссия әр өңірден 2025 жылдың үш финалисін іріктеуі тиіс. Павлодар облыстық Кәсіпкерлердің өңірлік палатасы жанындағы бренд-комитеттің отырысында он қатысушы үш минут ішінде өз өнімдерін таныстырып, олар туралы айтып берді. Сондай-ақ комиссия мүшелерінің сұрақтарына жауап беріп, әр кәсіпкер жеті критерий бойынша бағаланды. Отырыстың модераторы - бренд-комитет комиссиясы төрағасының орынбасары, Павлодар облысы Кәсіпкерлердің өңірлік палатасы директорының міндетін атқарушы Жомарт Сембаев болды.
Қатысушылар қазылар алқасына азық-түлік өнімдерін, оның ішінде бал мен сүттен жасалған тағамдарды, зергерлік бұйымдарды, киім-кешек түрлерін (ұлттық киімдер мен тіпті сауыт-саймандарды да), сөмкелер мен басқа да заттарды ұсынды. Комиссия ұсынылған тауардың Павлодар Ертіс өңіріне ғана тән болуына, мүмкіндігінше жергілікті шикізаттан жасалуына, сапа сертификаттарының болуына (әсіресе, азық-түлік өнімдері үшін) назар аударды. Сонымен қатар, конкурсқа қатысушылар ұсынған өнімдерге серіктестермен жасалған жеткізу келісімшарттары құпталды.
«Сіздердің үздік ондыққа өтуіңіз — өз алдына үлкен жеңіс. Сіздердің өнімдеріңізді байқау-көрмеде бүкіл облыс тұрғындары, өңір басшылығы, Жапония мен Қырғызстаннан келген қонақтар көрді», — деді Жомарт Сембаев. Ол ең көп ұпай жинаған үш финалиске сертификаттар, мүсіншелер және гүлдер табыс етті.
Жеңімпаздардың бірі — Айзат Байтенова, «Айза» ЖК және «Ханым» ательесінің жетекшісі. Бұл ательеде үш жылдан бері қазақтың ұлттық өрнектері бар киімдер тігілсе, енді киізден жасалған сөмкелер де шығарыла бастады. Болашақта жергілікті фермерлерден жүн сатып алып, оны өңдеп, экспортқа өнім шығаруды жоспарлап отыр.
«Біздің жұмысымыз — ара шаруашылығы. Бал және одан жасалған өнімдер, мысалы, прополис, перга, бал ұялары. Биыл біз ассортиментімізді төрт жаңа бал жиынтығымен толықтырдық: бал мен өрік, бал мен итмұрын, бал мен қара өрік, грек жаңғағы, бал мен тозаң. Жеңіске жеткеніме қуаныштымын! Шағын және орта бизнеске шын мәнінде қолдау көрсететін «Атамекен» сияқты ұйымымыздың бары керемет!», — деді тағы бір жеңімпаз, «Бактияров» ЖК-нің өкілі Гаухар Арынгалина.
Үшінші жеңімпаз — Экибастұздық «Думан Шаймергенов» ЖК жетекшісі. Ол қазақтың ұлттық жауынгерлік сауыттарын, сондай-ақ былғарыдан ерекше сөмкелер шығарады. Байқауға жұбайымен бірге келген ол «Бір ауыл – бір өнім» («ОСОП») бренд-комитеті отырысында ең көп ұпай жинағандарына риза. 62 жастағы шебер өндіріс көлемін ұлғайтып, жаңа жұмысшылар жалдап, рюкзактар, үлкен сұйықкристалды теледидарлы интерьерлік роботтар және тіпті ат жегілетін кареталар шығаратын жабдық сатып алуды жоспарлап отыр.
Үш жеңімпаз да Павлодар облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасынан бес миллион теңгеге дейін грант алуға үміткер бола алады. Өңірлік Кәсіпкерлер палатасы («РПП») жеңімпаздарды ҰКП-ға жолдайды, ал ол бір жыл бойы оларға маркетингтік қолдау көрсетіп, оқытып, көрмелерге шығуға көмектеседі.
Еске салсақ, өңірлік «Бір ауыл – бір өнім» («ОСОП») көрмесі Павлодарда 15 шілдеде «Қазақстанның үздік тауары» байқауымен бірлесе өтті. Оған облыс аудандары мен қалаларынан 29 тауар өндіруші қатысты. Сол кезде жұмыс комиссиясы бренд-комитетке он қатысушыны іріктеп алған болатын, осы жолы комиссия назарына солар өз өнімдерін ұсынды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: