Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасында азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері талқыланды
Ұлытау облысы кәсіпкерлер палатасында өткен ШОБ бойынша салалық кеңестің отырысы тағам қауіпсіздігіне, атап айтқанда, нан-тоқаш өнімдеріндегі тұз мөлшерін азайту мәселесіне арналды.
Семинар барысында нан өндірумен айналысатын кәсіпкерлерге нан құрамындағы тұз мөлшерін төмендетуге көмектесетін жаңа технологияларды енгізу бойынша ұсыныстар берілді. Қатысушылар тек техникалық аспектілерді ғана емес, сонымен қатар тұзсыз нанды тұтынушылар арасында насихаттауға бағытталған маркетингтік стратегияларды да талқылады.
–Біз салауатты тамақтануды халықтың барлық тобына қолжетімді етуіміз керек. Нан құрамындағы тұзды азайту – азаматтарымыздың денсаулығын жақсартуға бағытталған маңызды қадам», – деп атап өтті Ұлытау облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Орынай Жұбатова мен Жезқазған қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Ләззат Қыдыкенова.
— Бұл салалық кеңестің өңірде салауатты тамақтану мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болды. Қатысушылар ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуға дайын екендіктерін білдірді, бұл өз кезегінде көзделген мақсаттардың орындалуына ықпал етеді. Бірлескен күш-жігердің нәтижесінде өндірушілер тұтынушыларға заманауи талаптарға сай сапалы әрі пайдалы өнім ұсына алады, – деді ШОБ салалық кеңесі төрағасының орынбасары Азамат Есов.
Салалық кеңес тек білім мен тәжірибе алмасу алаңы ғана емес, сонымен қатар өңірде салауатты тамақтанудың тұрақты жүйесін қалыптастырудың бастапқы нүктесі болды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: